Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Қамқоршылық» кеңес
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылында орналасқан Новый орта мектебінде 2018 жылдың 19 сәуір күні «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Ж.Айткуловтың төрағалығымен Қамқоршылық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің мақсаты мектептің негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, демеушілік көмектерді тарту және оны көрсету болып табылады.
"Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі"
"Новый орта мектебі"КММ-сінде 5-сəуір күні Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2018ж 26-наурыз күнгі 11-5/243 хаты негізінде "Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі" туралы түсіндіру мақсатында семинар кеңесін директордың орынбасары А.Абжалелова жүргізді. Кеңес соңында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша биылғы жылғы өтініштерді қабылдау туралы мəселе қозғалды.
Құттықтаймыз
Мектепішілік Кіші Олимпиадаға қатысып, жүлделі орын иеленген оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Кіші олимпиада қорытындысы бойынша қалалық кезеңге жолдама алған оқушылар:
"Таза мектеп - таза аула"
"Бақытты бала" жобасы аясында Новый орта мектебінің оқушылары "Таза мектеп - таза аула" ұранымен жалпы қалалық сенбілікке өз үлестерін қосты.
Н.Ә. Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы
Елбасын Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында, облыс əкімі Б.Сапарбаевтың 2018 жыл "Бақытты бала-мəңгілік ел кепілі" атты акциясы негізінде Новый орта мектебінің оқушылары сенбі және жексенбі күнгі бос уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына барып, «Қазақ халқына мың алғыс» стелласымен танысып, "Keruen City" ойын-сауық орталығына барып, 5"Д" және 5"В" класс оқушылары қызықты фильмді көріп тамашалап сенбі күндерін қөңілді өткізіп келді. Класс жетекшілері Б.Әбдіқалықова, Ғ.Дауылбаева.
Санкт-Петербург қаласынан келген көрме «Балауыз» мүсіндерінің көрмесі
Елбасын Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында, Облыс əкімі Б.Сапарбаевтың 2018 жыл "Бақытты бала-мəңгілік ел кепілі" атты акциясы негізінде Новый орта мектебінің оқушылары сенбі және жексенбі күнгі бос уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген көрме «Балауыз» мүсіндерінің көрмесіне барып, тамашалап келді.