Қамқоршылық кеңес құру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қамқоршылық кеңес құру туралы және оның құрамына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Шақырылады:
- Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі)
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса)
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса)
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса)
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері
- Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Ұсыныстар Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы арқылы қабылданады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
✅ Ақтөбе қаласының білім бөлімі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап жаңа 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.
? ?Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
? Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады.