"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Жас мамандар мектебі

2022 жылдың 15 желтоқсан күні мектеп психологы Мулдагазина М.Е жоспарға сәйкес жас мамандармен “Жас маман -жарқын болашақ иесі” тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырды.

Тимбилдинг мақсаты: Қатысушылар бір-бірі туралы көп ақпарат білу және бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру. 

2023 жылдың 04 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейде «Жас Қанат» жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырыста «Класс жетекші құжаттарының толтырылуы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі С.Абдіқалықова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Байбекова және «Сабақ жоспарларының үлгілері» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Сукашева, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі А.Аймагамбетова іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелі педагогтер жас мамандардың қойған сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс ұйымдастырды.

2022 жылдың 12 қараша күні Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейде «Жас Қанат» жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырыста: «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыруды ұйымдастыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ә.Әбдіқалық, тарих пәні мұғалімі Н.Мунайтбасова; «Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай мәселелерге кезіктім және оны қалай шештім?» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Калиева, биология және география пәндері мұғалімі С.Жангабылова; «Оқушылapының функционaлдық caуaттылығын apттыpудa қолдaнылaтын тиiмдi әдicтep» тақырыбында география пәні мұғалімі Ж.Исагалиев, математика пәні мұғалімі Ш.Бармашева; «Практикалық, зертханалық сабақтарды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында биология пәні мұғалімі Г.Татаманова іс-тәжірибелерімен бөлісті. Озат тәжірибелі педагогтер жас мамандарға «Жас маманнан Хас маманға» айналуы жолында кездескен қиындықтар, қызықты жағдаяттар туралы әңгімелеп берді.

2022 жылы қазанның 31-і күні Ақтөбе облысының жас мамандарына арналған «Жас ұстаз:табысқа апарар жол» атты облыстық форумы физика-математематика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді. Форумға мектебіздің жас маманы география-тарих пәні мұғалімі Орынбасаров Аслан Куандыкович қатысты.Сонымен қатар математика пәні мұғалімдері Жақатай Азамат Дүйсенбіұлы модератор,ал Майлық Мейрлан Қалдыбайұлы форум жүргізішісі болды. Бір күнге созылған форумда қала,аудан,ауыл мектептерінен жиналған жас ұстаздарға Зияткерлік мектеп пен Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе филиалдары бірлесіп түрлі шеберлік кластар,психологиялық тренигтер өткізді.Форум соныңда жас ұстаздар ерекше көңіл күймен ынтымақтастық орта қалыптастырды.

2022 жылдың 01 сәуірінде Ақтөбе қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандары арналып өткен "Жас маман - 2022" қалалық байқауына қатысып, жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық қабілетін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болған мектеп-лицейіміздің жас маманы Дәулетов Арыстанды шын жүректен құттықтаймыз!

2022 жылдың 14 қаңтар күні Новый орта мектеп-лицейінің «Жас қанат» жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырыс директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарованың «Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері: бағыттары және қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Жас мамандар қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі А.Аймагамбетованың «Сынып жетекші құжаттарының толтырылуы», қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі С.Абдіқалықова мен информатика пәні мұғалімі Ж.Бергазинаның «Сабақтарда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен танысып, ақыл-кеңес алып, ұсынылған әдіс-тәсілдер мен бағдарламалардың қолданылуы бойынша сұрақтарын қойды. Отырыс соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

2021 жылдың 20 қараша күні Новый орта мектеп-лицейінің "Жас қанат" жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Жас мамандарға тәжірибелі педагогтар Г.Нургалиева «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыруды ұйымдастыру», Г.Татаманова, А.Көбелдес «Оқушылapының функционaлдық caуaттылығын apттыpудa қолдaнылaтын тиiмдi әдicтep», А.Габбасова, Г.Жамалова «Практикалық, зертханалық сабақтарды ұйымдастыру жолдары» тақырыптары бойынша ақыл-кеңес беріп, тренинг, ойындар өткізді. Отырыс директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарованың "Педагогикалық әдеп, мұғалімнің этикасы және мәдениеті" тақырыбындағы баяндамасымен аяқталды.

2021 жылғы 30 қаңтар күні облыс көлемінде алғаш рет «Жас қанат» макрожобасы бастау алды. Онлайн режимінде ұйымдастырылған ашылу салтанатының алғы сөзін Ақтөбе облыстық білім басқармасы Л.Уразбаева ашып, жас мамандарға сәттілік тіледі. Жобаның мақсаты жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау және оларды облысымыздың білім беру мекемелерінде бекіту, педагогтардың инновациялық белсенділігін дамыту болмақшы.Тұсаукесерді мектеп-лицейіміздің жас маманы М.Майлық жүргізді. Zoom платформасы арқылы өткізілген «Жас қанат» макрожобасының тұсаукесеріне мектебімізден 5 жас маман қатысты.

Шара барысында жас мамандар өз ойларын айтып, көзқарастарымен бөлісті. Жас мамандар бекітілген тәлімгерлердің қолдау көрсететіндігіне ризашылықтарын білдірді.

2020 жылдың 27 қараша күні Новый орта мектеп-лицейінде «Жас қанат» жас мамандар мектебінің «Педагогикалық қатынастың шеберлігі мен мәдениеті» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті. «Жас қанат» жас мамандар мектебінің жетекшісі А. Омарова тақырып бойынша баяндама жасады. Отырыс жоспарына сай тәжірибелі мұғалім Б. Кунирбаева «Lesson Study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында семинар тренинг өткізіп, жас мамандарға сабақты зерттеуді ұйымдастыру тәсілдері мен тиімділігі жайында маңызды ақпараттар берді. Жас мамандар семинар уақытында өз ойлары мен ұсыныстарын айтып, қойған сұрақтарына жауап алды.

«ЖАС МАМАННАН ХАС МАМАНҒА

ЖЕТУ ЖОЛЫ» атты жас мамандармен тікелей онлайн кездесу

Күні: 21 қазан 2020ж

Уақыты: сағ. 20.00 (жергілікті уақытпен)

2020 жылдың 17 қазан күні Новый орта мектеп-лицейінде «Жас қанат» жас мамандар мектебінің кезекті сабағы өтті. Сабақ жоспарына сай тәжірибелі мұғалім Н.Мунайтбасова «Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы» тақырыбында семинар тренинг өткізіп, жас мамандарға оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыруға бағыт-бағдар берді. Сабақтың екінші жартысында директордың ТІЖ орынбасары М.Конисбаева «Тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. Жас мамандардың «Мен кандай мұғаліммін?» деген сұраққа жауаптарын білу үшін Swot стратегиясын қолданып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сабақты директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова оқу-жоспарлау құжаттарын жүргізілуі бойынша кеңестер берумен аяқтады.

2020 жылдың 19 қыркүйек күні жас мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін шыңдау, психологиялық қолдау және бағыт-бағдар беру мақсатында Новый орта мектеп-лицейінің әдіскері Айгүл Жарболқызының - ұйымдастыруымен "Жас мамандардың педагогикалық-кәсіптік шеберлігін арттыру" тақырыбында жас мамандарға әдістемелік коучинг өткізілді. Аталған шараға жас мамандар мен оларға бекітілген тәлімгер ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында тәжірибелі маман, география пәнінің мұғалімі, Жасұлан Жайықұлы жас мамандармен жақынырақ танысу мақсатында «Мен қандаймын?» деп аталатын психологиялық тренинг жүргізіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауға, бағалаудың түрлерін дұрыс ұйымдастыруға тоқталып өтті. Коучинг соңында «Үш М және Ә» әдісі арқылы ұйымдастырылған кері байланыста жас мамандар өздерінің бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

2020 жылдың 28 қаңтар күні "Жас қанат" жас мамандар мектебінің "Мәңгілік ел тірегі - жастар" тақырыбындағы ашық сабақтар апталығының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімі Отарбаев Жігердің 4 "Б" класында "Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабағы сәтінен.

"Новый орта мектеп-лицейі" КММ-сінде 2020 жылдың 20-24 қаңтар аралығында "Жас қанат" жас мамандар мектебінің "Мәңгілік ел тірегі - жастар" тақырыбындағы ашық сабақтар апталығының жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімі Адилбаев Ерланның 5 "В" класында "Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру" тақырыбында ашық сабағы өтті.

Новый орта мектеп-лицейінде 2020 жылдың 13 қаңтар күні "Жас қанат" жас ұстаздар мектебінің кезекті отырысы өтті. "Жас қанат" жас ұстаздар мектебінің жетекшісі Г.Абдуалиева жас мамандарға жаңа технологиямен сабақ өткізу шеберліктері, мұғалім портфолиосы жайында түсіндірді. "Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері: бағыттары және қалыптастыру жолдары" тақырыбында жас ұстаздар мен тәлімгерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері және қалыптастыру жолдары жайлы мәселелер қозғалып, жас мамандар арасында ой бөлісу жүзеге асты.Осы тақырыптағы ойларымен тәлімгер мұғалім А.Максутова қорытындылап, жас мамандарға ақыл-кеңесін берді.