"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Тәжірибені тарату

Новый орта мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі М.Турганбаеваның 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған облыстық деңгейдегі «Физикадан күрделі есептерді шығару жолдары» тақырыбындағы шебер класының кезекті отырысы өтті. Облыс мектептерінен 22 мұғалім қатысып, «Кинематика» бөліміне арналған БЖБ және ТЖБ құрастыруда кездесетін ашық тапсырмалар құрастырып, оларды шешу бөлімінде белсенділік танытты. Новый орта мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Ж.Исағалиев онлайн форматта оқушы білімін бағалаудағы «Quizizz» бағдарламасының мүмкіндіктерін экранда демонстрациялады. Отырысты мектеп-лицей психологы М.Мулдагазина «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тренингімен аяқтады.


Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Новый орта мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ш.Бармашеваның жетекшілігімен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында математика пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбындағы шебер класының 1-ші отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Отырыстың мақсаты: математиканы оқып үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығын түсіндіру, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру, дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгерту болды. Отырыста Ш.Бармашеваның «Online-Mektep қашықтан оқытудағы мәселелер. Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбындағы коучингі өткізілді, Новый орта мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері А.Көбелдестің «Google Classroom сервисін қашықтан оқытуда қолдану» баяндамасы тыңдалды, М.Майлықтың «Математиканы қашықтан оқыту кезінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» көрсетілімі талқыланып, Е.Адилбаев дайындаған кері байланыспен аяқталды. Қатысушылар ұсынылған әдіс-тәсілдермен танысып, сұрақтарды талқылап өз ойларымен бөлісті.


Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің 2020 жылдың желтоқсан айындағы жоспарына сай Новый орта мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі С.Жангабылованың жетекшілігімен «Биология сабақтарында жобалық әдістерді қолдану» тақырыбында шебер класының отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Отырысқа қала мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысып, ұсынылған әдіс-тәсілдермен танысып, сұрақтарды талқылап өз ойларымен бөлісті. Шебер класс отырысында оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру және биология пәнән оқыту барысындағы жобалық әдістерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды.