"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Қамқоршылық кеңес

Ақтөбе қаласы Жаңақоныс ауылы «Новый орта мектебі» КММ-сінде 2018 жылдың 11 қаңтар күні «Қамқоршылық» кеңесінің отырысы болып өтті.

Отырысқа қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, «Жас ұлан» балалар ұйымы жетекшісі Б.Әбдіқалықова, мектеп ұланбасыҚ.Адайша, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы М.Кулов, мектептегі ұстаз ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Көшет, Новый ауылдық округінің әкімі А.Әлімбаев, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Л.Кализина қатысты.

«Новый орта мектебі» КММ-сінің 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы және алдағы уақытта назар аударарлық өзекті мәселелер қаралды. Мектеп директоры А.Кисикова 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша өз есебін берді. Есебі бағаланып,«Новый орта мектебі» КММ-сінің 2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылып, мектептегі жаңартылған білім мазмұнын енгізуде инновациялық жұмыстар, ата-аналарға түсіндіре отырып оқушыларды қаладағы түрлі үйірмелерге, театрларға, мұражайларға, пайдалы ойын сауық орындарына апару жұмыстары, сонымен бірге ата-аналардан оқушылардың мектеп жарғысына сай мектеп формасын, бірыңғай талапты сақтау талап етіліп, бірыңғай талапты сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға түсінік жұмыстарын жалғастыру туралы қаулы қабылданды.