"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Мектеп парламенті»өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен отырыс.

2024 жылдың  күні оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп лицейіміздің 1-4-класс оқушылары Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына барып, И.Меччидың «Аң патшасы Арыстан» ертегісінің желісі бойынша  А.Жақсығалидың жасаған сахналық қойылымын қарап, өз әсерлерімен бөлісті. Мақсаты: Балаларға арналған ар ұят, абырой, жауапкершілік , адалдық , әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсету.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр.

Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бүгінгі таңда басты мәселеге айналып отыр.

Мектеп лицейіміздің І қабатында орналасқан арнайы «Сенім» жәшіктерге келіп түскен азаматтардың өтініштері, ұсынысы «Сенім телефоны» бойынша түскен өтініштерді талдау арқылы жемқорлық көріністерді мониторингілеу жұмыстары қолға алынады. Бірақ мектебімізде заңсыз ақша жинамау шаралары 4 жылдан бері дәстүрге айналып отыр.

Жалпы мақсаты және міндеттері атап айтсақ, мақсаты : мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау. Міндеттері рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру; оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру; оқушылардың саяси құқықтық білімін қалыптастыру; оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқының адамгершілік этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубыныңбасты идеясы: дәрістер, кездесу семинарлар, үздік бейнероликтер, дөңгелек үстелдер, рөлдік және интерактивті ойындар өткізу, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға , оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға , білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған шараларды жетілдіру, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіппен бекітілген заңды сақтауды қадағалау, оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін дарыту, оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет рухына тәрбиелеу.

Мектебізде өткізілген іс шаралар: «Адал Ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» тақырыбында түсіндірме сағаты, «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас . «Қылмыс пен жаза» атты баяндама, «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет байқауы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу –баршамызға ортақ міндет» сынып сағаттары.

Парасатты азаматтардың бойында алған білімдері , өмірдегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген құбылысына қарсы тұруға көмектеседі деп сенемін .

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында!

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын, алғыр оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Көшбасшы» - 2023 интелектуалды-танымдық ойыныны ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау, білімін дамыту, жетілдіру, жылдам ойлау мен нақты айтуға үйрету, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 9-10-сыныптар оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді. «Көшбасшысы - 2023» зияткерлік сайысының жоспарын бойынша оқушылар «Бәйге», «Жорға жарыс», «Көкпар» деп аталынған үш кезеңде білім сайыстырады. Іс-шара кезінде алгебра, геометрия, информатика, физика пәндері бойынша сұрақтар берілді

Күзгі каникул кезінде өткізілетін іс шаралардың мектепішілік жоспарына сәйкес «Күз кереметі» тақырыбында 1-4-класс оқушыларына арналған сурет байқауы өткізілді.

Мақсаты:

- оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу.

- оқушылардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу.

- эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру

2023-2024 оқу жылы бойынша мектептен тыс үйірме секцияларға, қатысатын оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты мектептен тыс үйірмелердің , секциялардың балалардың қоғамдық өмірде белсенділігін арттыруға , кәсіби бағдар беруге, ғылыми техника, өнер, әдебиет, спорт, бос уақытын тиімді пайдалануға ықпалы зор екенін түсіндіру.

Нәтижесінде анықталғаны мектептен тыс сыныптан тыс үйірмелерге қатысатын балалар саны – 191.

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде 2024 жылдың 19 сәуір күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сай Өзін – өзі тану және бақыт фракциясының мүшелерінің ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында «Мейірім толы жүрек» сурет байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Талантты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндік жасау.

Сурет байқауы нәтижесінде 1 орын – Аралбай Айзере 3 «Ә» сынып

2 орын – Абылай Мейіржан 3 «Б» сынып

2 орын – Меңдібай Айару 3 «В» сынып

3 орын – Досым Қанат 3 «Г» сынып

3 орын – Қазмұханбет Камила 3 «А» сынып

3 орын – Талғатқызы Самира 3 «Ә» сынып

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде 2024 жылдың 19 сәуір күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сай Дебат қозғалысы фракциясының мүшелері және ұйымдастыруымен 10 сыныптар арасында «Жастар саясаты қажет пе?» тақырыбында дебат өткізілді.

Мақсаты:

Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашып жеткізуге, өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан – жақты қарап, ойлануға көмектесу;

Тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Ақтөбенің 155 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Керемет тартуым бар…» атты Ақтөбе қаласының көрнекті жерлерінің макетін жасақтау байқауы өткізілді.

Мақсаты: Білім алушылардың бойына патриотизм сезімін қалыптастырып, өзінің кіші Отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту.

Нәтижесінде

Бас жүлдені - 4 «В», 4 «Г», 4 «И» класс «Анаға тағзым» ғимараты

1 орын - 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» класс Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы ғимараты

2 орынды - 3 «В», 3 «Д», 3 «И» класс «Қаз Хром» ғимараты

2 орынды - 1 «В», 3 «Г», 2 «А» класс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

3 орынды - 9 «Д», 9 «И», 10 «А», 10 «Ә» класс Ақтөбе Ажары

3 орынды - 8 «Д», 8 «И», 9 «А» класс Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты ғимараттарының макеттерін жасап, сиға тартқан сыныптар иеленді.

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде 2024 жылдың 15 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Ас атасы - нан, нан атасы - дән» ұлттық дәстүрдегі тағамдарды дәріптеу мақсатында 1-11 класстар арасында «Бауырсақ party» ұйымдастырылды.

Мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау

«Мектеп парламенті»өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен отырыс.

Новый орта мектеп-лицейінде қазан айында 3 сынып оқушыларына арналған «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару» ұйымының Дебат қозғалысы фракциясының мүшесі Айнабекова Ажар «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты ақпараттық жұмыс ұйымдастырды. Оқушыларға арналған дұрыс тамақтану бойынша түрлі сұрақтар қойып,денсаулыққа пайдалы тағам түрлері бойынша «Жалғасын тап» ойыны өткізілді.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.Денсаулыққа пайдалы тағам түрлерін қолдануын,деніміз сау,мықты болу үшін пайдалы,құнарлы тағам түрлерін тұтынуды ұсыну.

Новый орта мектеп-лицейіндегі «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару» ұйымының Құқық және тәртіп фракциясының мүшесі Қуанышқызы Махаббаттың ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында «Жол ережелерін білесің бе?» атты сауалнамалық жұмыс алынды.

Мақсаты:

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.Оқушылардың жолдан өткенде белгілер мен ережелерді білу,жолдан өткенде ереже мен сақтық шараларын білуін,абайлап жүруін ескерту мақсатында сауалнамалық жұмыс жүргізілді.

- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету.



Новый орта мектеп лицейінде 4 сыныптардың оқушыларының қатысуымен «Спорт-денсаулық кепілі»атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.Спорттық жарыстарға қызғушылығын арттыру.Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілді.

Инспектор «әлеуметтік желілердегі ойындардың қауіптілігі мен қауіптері туралы», ұрлық, қарақшылық, тонау және ең қорқынышты дене жарақатын және адам өміріне қастандық жасау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапты болатындықтары туралы тақырыпта әңгіме қозғады. Жасөспірімдерге қандай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай айып тағылатыны баса түсіндірілді. Бұл кездесудің мақсаты - оқушылардан тәуекелдікті анықтау, ал ең бастысы кез-келген құқық бұзушылық заңмен жазаланатыны қатаң ескертілді.

6 сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды жарыс сабақ өткізілді. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысты. Әр топтың өз аты мен ұраны болды. Ойын жеті кезеңнен құрылған.

Мақсаты:

- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

-топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

-математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап, мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.


Новый орта мектеп-лицейіндегі Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының дебат қозғалысының фракциясының мүшесі Айнабекова Ажардың ұйымдастыруымен «Достық қымбат-өмірде» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді.

Міндеттері: 
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады; 
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады; 
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді.

Новый орта мектеп лицейінде Бастауыш класс оқушыларына арналған «Денсаулық-сенің байлығың»атты акция жұмысы ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған спорттық түрлі сұрақтар қойылып,жауап берген оқушыларға тәттілер беріліп, бүлдіршіндеріміз қуанышқа бөленді.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.Спорттық жарыстарға қызғушылығын арттыру.Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілді.Балалардың жекелей сұрақтар қою арқылы балалардың спорттық шараларға қатысуға шақыру.

Новый орта мектеп лицейінде 1-2 класс оқушыларына арналған «Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?»атты спорттық жұмыс ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған спорттық түрлі сұрақтар қойылып,жауап берген оқушыларға тәттілер беріліп, бүлдіршіндеріміз қуанышқа бөленді.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту.Спорттық жарыстарға қызғушылығын арттыру.Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілді.Балалардың жекелей сұрақтар қою арқылы балалардың спорттық шараларға қатысуға шақыру.

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті - пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым - қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Осынау бір көрністің бір шеті бүгін Новый орта мектеп-лицейінде орын алды.Көтеріңкі көңіл күй,оқушылардан құралған күйші топтың күмбірлеген әсем әуені ерекше шабыт сыйлады.Бір-біріне ақ адал тілек білдірген ұстаздардың да,оқушылардың да қуаныштарында шек жоқ. Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымы мен Жас ұлан ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен

Новый орта мектеп-лицейінде желтоқсан айында 7 сынып оқушыларына арналған «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару» ұйымының Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының мүшесі Турегалиева Адильжан мен Бекбосынова Айсұлу «Буллинг және күш көрсетудің жасөспірімдердің өміріндегі орны» атты ZOOM плотформасында онлайн жұмыс ұйымдастырылды. Оқушыларға арналған құқық бұзушылық пен қысым көру туралы түсініктер мен буллинг,бұзақылық туралы түрлі сұрақтар қойылды.

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. «Буллинг» сөзінің мағынасын түсінеді; Дөрекілік, өктемдік танытатын адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйренеді; Біреуді мазақтауға, қорлауға, намысына тиюге жол бермейді. Сынып арасында бір-бірін қолдай білуге, сыйластық танытуға үйренеді.