"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Кітапхана қағидасы
  1. Новый орта мектеп-лицейіндегі кітапхана ережесін пайдалану

 

  1. Кітапхананы пайдалану қағидалары – оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
  2. Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.
  3. Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ ата-аналар мен Жаңа қоныс ауылының тұрғындарының да кітапхананы пайдалану құқығы бар.
  4. Кітапхананы пайдалану тегін.
  5. Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді. Кітапханада жоқ ғылыми әдебиетке кітапхана оқырмандары (мұғалімдер) талабы бойынша кітапханааралық абонемент (КА) арқылы тапсырыс беріледі.
  6. Шежірілер (энциклопедия), анықтамалар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.
  7. Кітапхана қорында бар кітап, газет-журналдар, басқа да баспа шығармалары және слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.
  8. Кітапханаға оқырмандар жазу тәртібі бойынша жүргізіледі: оқушылар – сынып тізіміне сәйкес, қызметкерлер –төлқұжат бойынша.
  9. Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.
  10. Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры, кітапханада компьютер бар болған жағдайда – электрондық оқырман формуляры толтырылады.
  11. Басылымдарды жоғалтқаны немесе байқаусызда бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда – олардың шынайы нарықтың құнын өтеуге міндетті. Кәмелетке толмаған оқырмандардың қордан баспа туындыларын жоғалтқаны немесе оған орны толмас зиян келтіргені үшін олардың ата-аналары, олардың орнындағы адамдар жауап береді.
  12. Жыл сайын оқу жылының басында (қыркүйекте) кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп, оларды қайта тіркейді.
  13. Оқырмандар (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы) абонементте алған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман немесе кітап формулярына қол қояды.
  14. Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз етіледі.
  15. Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абонементтен берілген басылымдар

       саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді.

 

      Мұғалімдер үшін:

      Оқу әдебиеті – тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

       Әдістеме әдебиеті – 1 ай мерзімге, даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;

     Оқушылар үшін:

         Бағдарламалық әдебиет – оқушыларды оқытудың барлық кезеңіне беріледі:

бағдарлама бойынша сабақтарда оқытылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі;

         Сыныптан тыс оқу үшін – 15 күнге беріледі;

         Мерзімді басылымдар 2 атау санымен 15 күнге беріледі.

         Бір мезгілде берілген даналар саны (оқулықтарды санамағанда) 8 данадан аспауы тиіс.

  1. Пайдалану мерзімі материалға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс жоқ болса ұзартылуы немесе материал бір данада немесе көп сұралатын болса қысқартылуы мүмкін.
  2. Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы оқырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.

 

  1. Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтар, қызметкерлер) мынаған құқылы:

- кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;

- абонементтен кітаптар мен басқа ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға;

- кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат алуға;

 - кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

- кітапхана қорында жоқ қажетті ғылыми әдебиеттерді кітапханааралық абонемент (КА) арқылы алуға (тек оқушылар);

 - кітапхана өткізетін шараларға қатысуға;

- кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық білім алуға, ақпараттық дәстүрді және электронды таратқыштарды игеру және пайдалана білуге;

- кітапхана кеңесіне сайлауға және сайлануға, кітапханаға нақты көмек көрсетуге.

19.Оқырмандар мынаған міндетті:

  • әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге;
  • кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімде қайтару:
  • кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлмеге үлкен портфелдер мен сөмкелермен кірмеуге;
  • оқырман кітапхана қорынан дәстүрден тыс ақпарат тарату құжаттарын алғанда, қызметкердің қатысуымен тексереді, ақауы бол,ан жағдайда, белгі соғу үшін кітапхана қызметкеріне ескертеді.
  1. Оқырмандарға:

- кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарды алып шығуға:

 - кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгілер салу, сызу, парағын жырту, мұқабасын бүгу т.т.):

- ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзуға:

- қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге болмайды.

  1. Кететін оқушыларға жеке іс қағаздары, кітапхана абонементтінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін беріледі. Кететін мектеп қызметкерлері кітапхана өзінің кету парағын белгі қойдырады.

 

  1. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері:

 

22.Кітапхананың жұмыс кестесін мектеп директоры бекітеді:

23.Кітапхана:

- берілген кітаптардың, баспа туындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға қайтарылуы үшін тұрақты бақылау жүргізуге;

- оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі өткен баспа туындыларын алғаннан кейін ғана кезекті беруді жүргізуге;

- КА қағидаларын бұзған абонементтерді әр жағдайда бұзушылық дәрежесіне қарай белгіленген мерзімге КА пайдалану құқығынан айыруға құқылы.

  1. Кітапхана мынаған міндетті:

- оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге;

 - оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге;

- білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға;

- ұсынба әңгімелер, тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа туындысын таңдауда, тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрме – шолуын, Ақпарат күндерін, әдеби кештер, мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге;

- өз қорларын насихаттауға, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;

- компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін көрсетуді жетілдіруге;

- қорда бар кітаптарды, баспа туындылары мен басқа да материалдарды белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алуды, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;

- ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге;

- кітапханада оқырмандардың жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасау мен ұстауға;

- оқырмандарды демалыс уақытына қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге;

- жұмысқа оқырмандарды қатыстыра отырып, баспа туындыларын шағын жөндеуді (жыртылған және түсіп қалған беттерді, түптемелерді, мұқабаларды желімдеу және т.б.) тұрақты ұйымдастыруға;

- оқу жылының басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;

- мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге.

 

4.Оқу залы бар кітапханалар үшін оқу залын пайдалану қағидалары:

 

  1. Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.
  2. Оқу залында сөмкемен, жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен, баспа туындыларының кесінділерімен және басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді.
  3. Оқу залында берілетін кітаптар, басқа баспа туындылары мен материалдар саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс көп болған жағдайда берілетін даналар саны шектелуі мүмкін.
  4. КА арқылы алынған кітаптар тек оқу залында, ал ол жоқ болса – кітапхана бөлмесінде пайдалануға беріледі. КА бойынша баспа туындылары мына мерзімге (қайта жөнелту уақытын санамағанда): кітаптар – 30 күнге, мерзімді басылымдар – 15 күнге, көшірмелер – 45 күнге беріледі.