"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Мектеп паспорты

Ақтөбе қаласы, «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей» КММ  туралы мәлімет

 

Тіркелген мекен-жайы

Ақтөбе қ, Астана ауданы, Жаңақоныс тұрғын алабы, Жастар шағын ауданы, 3 орам, жер телімі 13А.

Ашылған уақыты

2015 ж

Мектеп директоры

Уразалина Айжан Даулетовна

Мектеп территориясы жалпы аумағы

8989,5 га

Мектеп ғимаратының аумағы

36319 кв. м

Нысанның қызмет түрі

Жалпы білім беру ұйымы

Қолданыстағы инфрақұрылым

Мектеп типтік 3 қабаттан тұратын және 600 орындық мекемеде орналасқан.  Мектепте жалпы 44 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері:1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 биология, 1 география кабинеті , 2 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинеті, 1 ағылшын тілі кабинеті, 1 IT кабинеті, технология ер балалар үшін 1 кабинет, технология қыз балалар үшін 1 кабинет бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, 1 мәжіліс залы, 1 кітапхана бар.  Мектеп асханасы 200 орындық. Мәжіліс залы – 300 орындық.

Оқушы саны

Барлығы – 1359 оқушы

Қазақ класында – 1200

Орыс класында – 159

1-ауысымда – 671

2-ауысымда – 688

Класс комлекті саны – 59

1-4 кластар – 24 класс

5-9 кластар – 29 класс

10-11 кластар – 6 класс

Мұғалімдер саны

Барлығы – 102 мұғалім

Жоғары білімді – 99

Арнаулы орта білімді – 3

Жоғары санатты – 1

Бірінші санатты – 2

Екіншы санатты – 0

Педагог шебер – 1

Педагог-зерттеуші –35

Педагог-сарапшы – 27

Педагог-модератор – 17

Санаты жоқ – 16

Мұғалімдердің орташа жалақысы

180 000 теңге

 

« Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей» КММ директоры

Уразалина Айжан Даулетовна

  

Айжан Даулетовна Ақтөбе облысының Алға ауданында 1963 жылы 14 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1984 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі – 40 жыл. Біліктілік санаты басшы-көсбасшы, педагог - шебер.

   Еңбек жолын Алға ауданы Қызыл Ту бастауыш мектебінде математика пәні мұғалімдігінен бастады. 1998 жылдан бастап №41 орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2022 жылдары Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп – гимназия директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп- лицей» КММ  директоры болып тағайындалды.

Білім беру саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы:

1.26.12.2015ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың № 01095 «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі.

2.05.2019 ж.Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбеге 150 жыл» мерекелік медалі.

3.12.2018 ж. ҚР Ғылым және білім министрінің Алғыс хаты.

4.10.12.2018 ж.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №591 «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.

5.08.2019 ж.ҚР Ғылым және білім министрінің Құрмет грамотасы.

6.08.2022ж. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломы.

Марапаттары:

1.2020 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің, Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің Алғыс хаты

2.2020 жылы Алғыс хат, төс белгі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

3.2020, 2021 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты

4.2020 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының алғыс хаты

5.2020 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының Алғыс хаты

6.2020 жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы Батыс Қазақстан филиалының Құрмет грамотасы.

7.2021 жылы «Ақтөбе-Дарын» облыстық ғылыми-практикалық қосымша білім орталығының Алғыс хаты

8.2022 жылы Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының Алғыс хаты.

9.2022 жылы Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Алғыс хаты.

10.2022 жылы Ақтөбе облысының әкімінің Алғыс хаты.

11.2023 жылы Ақтөбе облысының әкімі орынбасарының Алғыс хаты.

12.2023 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Құрмет грамотасы.

13.2023 жылы Ақтөбе облысының әкімінің Алғыс хаты.

 

Мектеп директоры ретінде мектептің келесі жетістіктерге жетуіне тікелей басшылық жасады:

1.2022ж "Алтын сақа" облыстық олимпиадасы 5кл А.Мазенов  ІІІ орын алды.

2..2022ж. «Алтын түлек» олимпиадасында: 11 класс оқушылары Сәметов Алдияр-І орын,

Тәжіғали Темірлан-ІІ орын, Төреғалиева Сымбат  -ІІІ орын, Қобланды Нұрдос -ІІІ орын алды.

3.2022ж.7-8 класс оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 7Д класс оқушысы Берген Расул 3дәрежелі дипломмен марапатталды

4.2023 ж .Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндік олимпиада С.Бәйшев ат.1-облыстық олимпиадасы;

5.2022ж. 7-8 класс оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде химия пәнінен 7 кл. оқушысы Б.Темірбек ІІ орын алды.

6.2022 ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ағылшын тілі  секциясы бойынша 11 «А» класс оқушысы Қылышбай Нұргүл ІІІ орын;

7.2023 ж. 9-11 класс оқушылар арасыннан өткен Республикалық қалалық кезеңінен Искакова А ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

8.2023ж.7-8 класс оқушылары арасында өткен республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі Жұмағұл Ғибрат  ІІІ орын.

9.2023ж.7-8 сынып оқушылары арасындағы ауызша олимпиадасының облыстық кезеңінен  Жұмағұл Ғибрат  ІІІ орын.

10.Н.Блиев ат.облыстық физика және математика пәндері олимпиадасы қалалық кезең Жұмағұл Ғибрат  І орын.

11.2023ж. Бейбітов Ринат

Қалалық ББ, Әдістемелік кабинет ұйымдастырған «Ақберен» байқауыyында 8 «Д» класс оқушысы Бейбітов ІІ орын;

12.2023ж. Қалалық ББ ұйымдастырған «Лингвистикалық олимпиадада» 8 «Д» класс оқушысы Бақтыбаева Камила жүлделі ІІІ орын                                                                                                                                                                                                       

13.2023 жыл. 9-11 класс оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде химия пәнінен 11 кл.оқушысы Ж. Бекежанова ІІ орын, ІІІ орын Б.Абишев  алды.

14.2023 жыл.«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің бірлесіп өткізген «Сақтаған Бәйішев атындағы 1-ші облыстық олимпиадасында» химия  пәнінен 11 кл.оқушысы Ж. Бекежанова ІІІ орын алды.

  1. 2023 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 9 "Д" класс оқушысы Алматай Нұрали ағылшын тілі пәні бойынша І орын;

16.2023ж. Ақтөбе қаласының білім бөлімі. Қалалық техникалық шығармашылық орталығы ұйымдастырған "Жасөспірімдер шығармашылығы-2023"Сагидуллаев Ильяс,Сабыржан Арсен 2орын;

17.2023ж.Ақтөбе қаласының білім бөлімі. Қалалық техникалық шығармашылық орталығы ұйымдастырған "Сиқырдың техникасы" Сагидуллаев Ильяс 1 орын.

  1. «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған "Жасөспірімдер шығармашылығы-2023» Сагидуллаев Ильяс 3 орын.

19.2023ж. Ақтөбе қаласының білім бөлімі. Қалалық техникалық шығармашылық орталығы ұйымдастырған ұйымдастырған"Ғарыш өз қолымызбен"Бақтыбай Санжар 1 орын

20.2023ж.«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам"облыстық байқау Жансұлтан Нұрдаулет 2 орын.

21.2023ж.Ақтөбе облысының ББ ұйымдастырған"Ұлттық қолөнер-ұрпаққа аманат"облыстық  байқау Мәдібек Әділбек 3 орын.

22.2023ж."Әдістемелік кабинет"КММ ұйымдастыр Кеме үлгілеу спортынан Насрадинов Санжар 3 орын.Сагидуллаев Ильяс 3 орын.

23.2023 ж.7-8 класс оқушыларыарасында өткен республикалық жасөспірімдер олимпиадасында  Шәкірбай Рахман  ІІІ орын

  1. 2023ж.«Алтын сақа» олимпиадасында:

қалалық кезең Шәкірбай Рахман -І орын; облыстық кезең Шәкірбай Рахман -ІІ орын

25.2023ж. 9-11  класс оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 11Ә класс оқушысы Узипова Аңсаған  3дәрежелі дипломмен марапатталды.

26.2023 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде  9 "Б" класс оқушысы Ә.Нагиев орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын;

27.2023 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде  11 "Б" класс оқушысы К.Маратқызы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын;

28.2023 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде  9 "Б" класс оқушысы Ә.Нагиев орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын;

29.2022 ж.Жалпы білім беретін пәндер бойынша Амантай Нұрзат Өзін-өзі тану пәнінен қалалық олипиада ІІ дәрежелі диплом.

  1. 2023ж.9-11 класс оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәнінен III орын иеленген Шәкірбай Тахмина.
  2. 2023ж .9-11 класс оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәнінен III орын иеленген Мәңгібаева Зейнеп.
  3. 2023 жыл. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Минажадин Еркеназ қалалық олипиада ІІІ дәрежелі диплом

33.2023 ж.Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі , Серіков Бекжан 3 – орын;

34.2023 ж.Республикалық 7-8 кл оқушыларының пәндік олимпиадасының қалалық кезеңі , Орынбай Исатай  2 - орын

              Мектептің жетістіктерге жетуіне тікелей басшылық жасай отырып, 2016 жылы  «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның Алғыс хатын иеленді. 2017 жылы – «Самұрық Қазына»  АҚ компаниялар тобы ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Биіктерге бірге!» үздік спорттық жоба байқауында 8 млн Сертификатына ие болды. 2017 жылы – Ақтөбе облысы бойынша «Үздік жалпы білім беретін орта мектеп» атанып,  3 млн теңге иеленді. 

Мектеп директоры ретінде 2018 жылы     ҚР Ғылым және білім министрінің Құрмет грамотасымен, 2018 жылы ҚР Ғылым және білім министрінің Алғыс хатымен марапатталып, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды. 2019 жылы Облыстық Білім басқармасының Алғыс хатын, «Ақтөбеге 150 жыл» мерекелік медалін иеленді. 2019 жылы 28 қарашада республика көлемінде  «Квадрат теңдеулерді шешудің көптәсілділігі» авторлық бағдарламасын қорғап, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігіне ие болды. Аталған бағдарлама арқылы «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы атанды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен, 2023 жылы Ақтөбе облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылы «КІТАП ФЕСТИВАЛІ-2022» шарасына белсене қатысып, 300 мың теңге және 2023 жылы «Aqbobek Football Leadue» футбол ойынынан 500 мың теңге иеленді.

Айжан Даулетовна мектеп ұжымын сәтті  басқару мен заманауи қоғамға бейімделу әдәсін жетік меңгерген, және оны шебер ұштастыра білетін басшы. Мектеп-лицей қызметін қазіргі заман талабына сай  ұйымдастыра алады.