Құрметті ата-ана мен оқушы!
Мектептің бірыңғай талаптарының орындалуын сақтауға арналған жадынама
- Мектеп формасын сақтау
- Сабақтан кешікпеу
- Сабақты себепсіз босатпау
- Сабаққа дайындықсыз келуге болмайды.
- Мектепке қымбат ұялы телефон ұстауға болмайды, жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауап бермейді.
- Мектеп дәлізінде, асханада тәртіп сақтау
- Кеш мезгілінде көшеде жүруге тыйым салынады.
- Жол ережесін сақтау.
- Алтын бұйымдар тағуға тыйым салынады.
Оқушылардың құқығы мен міндеттері
Оқушы құқықтары
Оқушы құқылы:
- мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
- қосымша білім алуға;
- ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;
- мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылардың міндеттері
Оқушылар міндетті:
- Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
- Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
- Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
- Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
- Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
- Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
- Себепсіз сабақтан қалмау;
- Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
- Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
- Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
- Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
- Мектеп формасын сақтау;
- Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.