Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.
✅ Ақтөбе қаласының білім бөлімі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап жаңа 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.
? Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Порталға:
- Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
- Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №148139 болып тіркелген) бекітілген №065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен бекітілген №026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2423 болып тіркелген);
- Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
❗Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрін алған адамдардың саны ақпарат
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
https://satbaev-licei.edu.kz/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter.html#sigFreeId0df7c44049
ТЕГІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
https://satbaev-licei.edu.kz/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter.html#sigFreeId82d7833622
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Новый орта мектеп-лицейінде 2020-2021 оқу жылының басында 1323 оқушы болды. Оның ішінде 642 қыз бала. 1-4 класта 580 оқушы, оның 281 қыз бала, 5-9 класта 631 оқушы, оның 302 қыз бала, 10-11 класта 112 оқушы, оның 59 қыз бала. Жазғы демалыс кезінде 52 оқушы кетіп, 33 оқушы келді. Кеткен оқушылар бойынша: 1-4 класс 21 оқушы, қызы-12, 5-9 класс 31, қызы-17. Келген оқушылар бойынша: 1-4 класс 16 оқушы, қызы-6, 5-9 класс 17, қызы-10. 1-11 класс бойынша 176 оқушының құжаттары egov.kz mektep.akt.kz порталдары арқылы қабылданды.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (1 класс) бойынша ата-анасының арыздары бойынша 143 оқушының құжаты қабылданды. Оның ішінде 142 оқушының құжаты egov.kz және mektep.akt.kz порталы арқылы, 1 оқушының құжаты қағаз түрінде қабылданды. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау (2-11 кластар) бойынша ата-анасының арызымен 33 оқушының құжаты қабылданды. Оның ішінде 27 оқушының құжаты egov.kz және mektep.akt.kz порталы арқылы, 6 оқушының құжаты қағаз түрінде қабылданды. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау бойынша 2 оқушының құжаты қабылданды. Сонымен қатар мектепте тегін мемлекеттік қызмет көрсету орны бар.
№ | Бұйрықтар | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Бұйрық | ![]() |
2 | Көрсетілетін қызметтер тізбесі | ![]() |
3 | Тағайындау туралы бұйрық | ![]() |
4 | Мемлекеттік қызмет талдауы квартал бойынша | ![]() |