"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Қамқоршылық» кеңес

Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылында орналасқан Новый орта мектебінде 2018 жылдың 19 сәуір күні «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Ж.Айткуловтың төрағалығымен Қамқоршылық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің мақсаты мектептің негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, демеушілік көмектерді тарту және оны көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, қайырымдылық акцияларын жүргізу, одан түскен қаржыларға бақылау жасау, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және мектептің атқарылған жұмыстары бойынша есепті талқылау кеңестің негізгі принциптеріне кіреді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «Новый орта мектебі» КММ-сінің қыркүйек-сәуір айы бойынша «Қамқоршылық» кеңесімен бірігеп өткізген «Қайырымдылық» акцияларының қорытынды есебі және «Новый орта мектебі» КММ-сінің мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыс жоспарының орындалуы, мектеп аумағына ағаштар отырғызу мәселелері. Отырысқа «Қамқоршылық» Кеңестің мүшелері, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Л.Кализина, Новый орта мектебінің директоры, «Жас ұлан» балалар ұйымының ұланбасы Қ.Адайша, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы М.Кулов және мектеп әкімшілігі қатысты. Мектеп директоры А.Кисикова мектепте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. «Қамқоршылық» кеңесі төрағасының орынбасары Т.Табылғанов өткізілген «Қайырымдылық» акцияларына тоқталды. «Қайырымдылық» акцияларына белсене ат салысқан ата-аналарға өз ризашылығын білдірді. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстар өте ауқымды, дегенмен алдағы уақытта мектептің дамуына бағытталған жұмыстар жалғасын табады және мектеп ауласын көгалдандыру, қоқыстарды өңдеу, скважина жұмыстарын іске асыру жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді. Бұл жобалы жұмыстар ата-аналармен біріге отырып, «Қамқоршылық» кеңестің назарында болатынын айтты.

Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруда алдағы уақытта да бір-бірімен кеңесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, Новый орта мектебі «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері мектептегі жаңадан «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай», «Өз әлеміңді кітаппен көркемде!» жасалынған бұрыштарымен танысып, өз ризашылықтарын білдірді.