Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында»
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында», - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн. Сондықтан осы Ұлы мереке ерекше. Баршаңызға мереке құтты болсын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында өткен жас педагогтерге арналған "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадада Новый орта мектебінің аға тәлімгері Әбдіқалықова Баян, мектеп психологы Едилова Гаухар, математика пəні мұғалімі Майлық Мейрлан ІІІ Дәрежелі орынды иеленді. Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз
Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Жаңақоныс ауылы, Новый орта мектебінің оқушылары соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Ұстаздар қауымы мен оқушылар Жаңақоныс ауылында тұратын ардагер ата-әжелеріміздің үйлеріне барып, жүрек жарды лебіздерін айтып, ән шырқап, өз өнерлерін тарту етіп ата-әжелерімізге керемет көңіл-күй сыйлап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті. Қарияларымыз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Ардагерлер ата-әжелеріміз мереке қарсаңында құттықтап келген мұғалімдер мен оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, сұрапыл соғыстың қиындықтары жөнінде сыр шертті, егеменді еліміздің тыныштығын тілеп, балабарға ақ баталарын берді.
Батыр ұл есімдері ақталады
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.