Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Данияр Сағымбаев мектептің жұмысымен танысып кетті
Новый орта мектебіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі Ғалым Байтук пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департамент директорының орынбасары Данияр Сағымбаевтар келіп, мектептің жұмысымен танысып кетті.
"Бастау" математикалық турнирі
2-4 класс оқушылары арасында өткен республикалық "Бастау" математикалық турнирінің қалалық кезеңінде "Новый" мектеп командасы 1 орын иеленді.
"Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы"
Новый орта мектебінде "Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы" такырыбындағы педагогикалық шеберхана өткізілді. Шеберхана жетекшісі тарих пәні мұғалімі Мунайтбасова Назира Минайдаровна. Жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті, әлемнің жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнінде түйінді шешімдер қабылдай алатын, азаматтық ұстанымы бар, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеп шығаруда Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы жөніндегі теориялық ізденіс пен тақырыптық іс- тәжірибелерімен бөлісті.
"Дінтану жəне этномəдениеттілік"
Новый орта мектебінің тарих жəне дінтану пəнінің мұғалімі Алиев Жарас "Дінтану жəне этномəдениеттілік" атты шебер-класс сабағын өткізді. Қазіргі қоғамдағы өзекті мəселелердің бірі болып саналатын "Діни сауаттылық уақыт талабы" тақырыбында жаңа тың мəліметтер мен əдіс-тəсілдерімен бөлісті.
«Менің үйім, менің Отаным, менің Қазақстаным»
"Бақытты бала" жобасы аясында және 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі Күні мерекесіне орай,ұлттар достастығын, ауызбіршілігін нығайтып отырған «Новый орта мектебі» КММ-сі «Менің үйім, менің Отаным, менің Қазақстаным» тақырыбымен мерекелік шара өткізді. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдар тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Мерекелік шараға мектеп оқушылары алдын ала таңдалып алынған «қазақ», «орыс», «өзбек», «корей», «үнді», «тәжік», «грузин» және «украин» ұлттарының салт-дәстүрлері мен мәдениетін, әдет-ғұрпы, тұрмыс тіршілігін көрсеттіп, өз өнерлерін көрсетті. 370 көрермен қатысып, мерекелік шараны тамашалады. Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
"Сындарлы ойлау арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту"
28-сəуір күні Ақтөбе қалалық ғылыми əдістемелік жоспарына сай Новый орта мектебі қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Кунирбаева Бибихадиша Утепбергеновнаның "Сындарлы ойлау арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту" тақырыбында шығармашылық шеберхана жұмысы өз жұмысын қорытындылады. Отырыста 51,58 мектеп мұғалімдері өз тəжірибелерімен бөлісті. Əдіскер Д.Габрашева қорытындылай келе шеберхана жұмысындағы мұғалімдердің шығармашылық ізденісін əдістемелік жинақ ретінде шығарып қала, облыс көлемінде таратуды ұсынды.