Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Бақытты бала - Мәңгілік Ел кепілі»
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» ауқымды жобасы балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалуына бағытталып отыр. Аталған жобаны іске асыруда Новый орта мектебінде 2018 жылдың 26 сәуір күні мектеп оқушыларына арналған мерекелік дастархан жайылып, «Бақытты бала - Мәңгілік Ел кепілі» ұранымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Бүгінгі шарада балаларда балаларға сыйлықтар беріліп, «Superman» barbershop шаштараз салоны ер балаларға тегін шаш қию үшін сертификат табыс етті. Сонымен қатар мерекелік шарада ұйымдастырылған «Мобильді планета» қойылымын көруге 220 бала тегін кіргізілді. Мерекелік шарада балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге және демеушілік көрсетіп келген Новый ауылдық округінің әкімі Әлімбаев Алмаз Аманбайұлына, «Superman» barbershop шаштараз салонының директоры Ержанов Даурен Нұрланұлына және Новый орта мектебі «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелеріне алғыс білдіреміз.
Қалалық класс жетекші - 2018 байқауының II орын иегері Дауылбаева Ғазизаны бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
"Бастау" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
2018 жылдың 23-сəуір күні Новый орта мектебінде 2-4 сыныптар арасында республикалық "Бастау" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Осы сайыста танымдық қабілеттері мен ұшқыр ойларымен ерекшеленген оқушылар марапатталды.
Ақпараттық-түсінік жұмыстары
Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-Инновация" лицей-интернаты" басшылығының 30.03.2018 жылғы 109-02 хатының негізінде 2018-2019 оқу жылына 7-сыныпқа оқушылар қабылдау үшін Новый орта мектебінде ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылғы 3-28 сəуір аралығында қазір 6-сыныпта оқитын оқушылар мен олардың ата-аналарына ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау емтихандары 29 сəуір күні "Білім-Инновация" лицей-интернаты базасына өткізіледі.
"Əліппе"
Қазіргі таңда Новый орта мектебінің даярлық сынып оқушылары "Əліппе" оқулығы бойынша дауысты дауыссыз дыбыстарды оңай ажыратады.