Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Ынта. Жігер. Серпін"
2018 жылдың 17 мамыр күні қалалық оқушылар Сарайының ұйымдастыруымен " Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Ынта. Жігер. Серпін" атты екі жылға арналған бағдарламаның І кезеңінің қорытынды концерті өткізілді.
«Достық»
«Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 10 класс оқушыларының қатысуымен 2017-2018 жылғы оқу-далалық жиынынан Новый орта мектебі ІІІ дәрежелі орын мен кубокты жеңіп алды.
"Білімді ұлт - білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы"
Новый орта мектебінде 15 мамыр күні "Руxани жаңғыру" қоғамдық саналы жаңғырту, бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған "Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" тақырыбында жалпы ұлттық ата -аналар жиналысы өткізілді.
"Superman" barbershop шаштараз салоны
Ақтөбе облысы əкімі Б. Сапарбаевтың 2018 жыл "Бақытты бала" жылы акциясы аясында қаламыздағы "Superman" barbershop шаштараз салоны мектебіміздің оқушыларына тегін шаш алу қызметін көрсетті. Демеушілік көрсетіп жатқан "Superman" barbershop салонының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарыңызға сəттілік тілейміз.
"Әміре" көркем фильмі
Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай, 12 мамыр күні Новый орта мектебінің оқушылары "Локомотив" кинотеатрында "Әміре" көркем фильмінің көрсетіліміне қатысты.
Өмірқұл Айниязовпен кездесу кеші өтті
Новый орта мектебінде 11 мамыр күні дәстүрлі әндерді орындаушы, әнші Өмірқұл Айниязовпен кездесу кеші өтті. Кеш барысында оқушылар сұрақтарын қойып, әншінің өмірімен, өнерімен, болашақтағы жоспарымен танысты.