"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Бақытты бала - Мәңгілік Ел кепілі»

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» ауқымды жобасы балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалуына бағытталып отыр. Аталған жобаны іске асыруда Новый орта мектебінде 2018 жылдың 26 сәуір күні мектеп оқушыларына арналған мерекелік дастархан жайылып, «Бақытты бала - Мәңгілік Ел кепілі» ұранымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Бүгінгі шарада балаларда балаларға сыйлықтар беріліп, «Superman» barbershop шаштараз салоны ер балаларға тегін шаш қию үшін сертификат табыс етті. Сонымен қатар мерекелік шарада ұйымдастырылған «Мобильді планета» қойылымын көруге 220 бала тегін кіргізілді. Мерекелік шарада балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге және демеушілік көрсетіп келген Новый ауылдық округінің әкімі Әлімбаев Алмаз Аманбайұлына, «Superman» barbershop шаштараз салонының директоры Ержанов Даурен Нұрланұлына және Новый орта мектебі «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелеріне алғыс білдіреміз.