"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында Жаңақоныс ауылы, Новый орта мектебінің оқушылары соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Ұстаздар қауымы мен оқушылар Жаңақоныс ауылында тұратын ардагер ата-әжелеріміздің үйлеріне барып, жүрек жарды лебіздерін айтып, ән шырқап, өз өнерлерін тарту етіп ата-әжелерімізге керемет көңіл-күй сыйлап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті. Қарияларымыз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Ардагерлер ата-әжелеріміз мереке қарсаңында құттықтап келген мұғалімдер мен оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, сұрапыл соғыстың қиындықтары жөнінде сыр шертті, егеменді еліміздің тыныштығын тілеп, балабарға ақ баталарын берді.

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз. 
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз. 
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған 
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс!