Елбасын Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында, Облыс əкімі Б.Сапарбаевтың 2018 жыл "Бақытты бала-мəңгілік ел кепілі" атты акциясы негізінде Новый орта мектебінің оқушылары сенбі және жексенбі күнгі бос уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген көрме «Балауыз» мүсіндерінің көрмесіне барып, тамашалап келді.
Көрмедегі экспонаттың қатарында мультфильмдер мен ертегі әлемінің кейіпкерлері, Майк Тайсон мен Пеле сынды танымал спортшылар, сондай-ақ «Сақиналар әміршісі», «Аватар», «Жұлдызды соғыстар» секілді үздік кинотуындыларының кейіпкерлерімен, «Балауыз» мүсіндер тарихы XVII ғасырдан бастау алғандығымен, сол кезеңде Еуропада алғаш рет монархтардың мүсіндерін жасау сәнге айналғаны туралы оқушылар мағлұматтар алып, 5"Г" класс оқушылары сенбі күндерін қөңілді өткізіп келді. Класс жетекшісі Г.Едилова.