Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Әдістемелік жұмыс-шеберлік, шыңдалу мектебі»
2019 жылғы 22-қаңтар күні Ақтөбе қаласы білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Әдістемелік жұмыс-шеберлік, шыңдалу мектебі» тақырыбындағы шығармашылық зертхана жұмысының 2018-2019 оқу жылындағы кезекті отырысына №47,48,52,57,58,63,64,Елек ОМ,69 мектебі директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары түгел қатысты.
Новый орта мектебінің оқушылары "Шұғыла" (Энергетик) демалыс орталығына барды.
Новый орта мектебінің оқушылары 4 жыл қатарынан "Жас ұлан"ұйымы жұмысын және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Шұғыла" (Энергетик) демалыс орталығына барды.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Жақсы дәрiгердiң тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы маман шығатыны сөзсіз.
Уақытпен санаспай бар ынта-жігерімен шәкірттердiң бойына ізгілік нәрін егетін, олардың қабілеттерін ұштап, білгендерін үйрететін Ұстаз жандарға бас иеміз.
Осындай шәкірттерімізді тәрбиелеуде алған алғыстарыңыз үшін мектеп басшысы Ақгүл Мырзабекқызын және Новый орта мектебінің ұстаздарын орасан зор еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіріп, зор ден-саулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік, отбасыңызға амандық тілейміз!
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7 ә класы "Керуен" ойын-сауық орталығына барып қайтты.