"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Жақсы дәрiгердiң тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы маман шығатыны сөзсіз.
Уақытпен санаспай бар ынта-жігерімен шәкірттердiң бойына ізгілік нәрін егетін, олардың қабілеттерін ұштап, білгендерін үйрететін Ұстаз жандарға бас иеміз.

Осындай шәкірттерімізді тәрбиелеуде алған алғыстарыңыз үшін мектеп басшысы Ақгүл Мырзабекқызын және Новый орта мектебінің ұстаздарын орасан зор еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіріп, зор ден-саулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік, отбасыңызға амандық тілейміз!