Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Кешіре білуді үйренеміз"
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында Новый орта мектебінде 2 "а"класында "Кешіре білуді үйренеміз" тақырыбында сабақ өтті. Пән мұғалімі:Қыстаубаева Д.
«Назарбаев зияткерлік мектебі»
2019 жылғы 5-ақпан күні жаңартылған білім мазмұнын апробациялаудағы республикалық пилоттық жобадағы 30 мектептің бірі Новый орта мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ жұмыс тобы құрамында Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директоры С.Садуакасов мен Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе қаласы филиалы директоры Т.Акимова, орталық тренері З.Кашкенова жұмыс тобының екінші күнінде мектептегі негізгі орта буындағы кластарда білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтардың берілуін зерделеу мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы әдістемелік көмек көрсетті.
«Балаға жүрек жылуы»
Бүгін, Новый орта мектебінде кітапхана меңгерушісі Досмаганбетова М. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметтері туралы кітап көрмесін ұйымдастырып, «Балаға жүрек жылуы» тақырыптарында оқушыларға библиографиялық шолу жасады.
"Кешіре білуді үйренеміз"
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында Новый орта мектебінде 5 ақпан күні 2 "В"класында "Кешіре білуді үйренеміз" тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі:Қасымхан Л.М.
"Қайырымдылық- жер бетінде!"
2019 жылдың 5 ақпан күні Новый орта мектебінде "Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Қайырымдылық- жер бетінде!" атты флешмоб өткізілді. Мақсаты: жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке -ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беру керек. Қайырымдылық -адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпақтарына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерді баулуға үйретеді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
2019 жылғы 4-ақпан күні жаңартылған білім мазмұнын апробациялаудағы республикалық пилоттық жобадағы 30 мектептің бірі Новый орта мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ жұмыс тобы құрамында Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директоры С.Садуакасов мен Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтөбе қаласы филиалы директоры Т.Акимова, орталық тренері З.Кашкенова мектептегі апробация жұмысының нәтижесімен және жаңартылған бағдарлама аясындағы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы әдістемелік көмек көрсетті.