Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Дінтану және этномәдениеттілік"
Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бүгін 23.02.2019 ж күні Новый орта мектебінде тарих және дінтану пәнінің жоғары санатты мұғалімі Жарас Алиевтің "Дінтану және этномәдениеттілік" шебер-класс өтті. Үш жыл бұрын құрылған шебер-класс алдына қойған мақсат, міндеттерін орындап шықты. Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының бастапқысы мектеп оқушыларының бойында діни имунитет қалыптастыру. Шебер-класс мүшелері жоғары баға беріп өз ой-пікірлерімен алмасты. @obrazovanie_gorod_aktobe@astana_audany_akimdigi
"Біз спортты сүйеміз"
Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерей тойына орай «Новый орта мектебі» КММ-сі білім беру мазмұнын жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пилоттық жобасымен білім алатын 4 кластар арасында ұйымдастырылған "Біз спортты сүйеміз" атты көңілді мәре эстафетасы өтті. Эстафетаға балалар қызығушылықпен қатысып, бір-бірлеріне ойында жеңіс тіледі.
"Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы"
Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінде "Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы" тақырыбында тариx пәні мұғалімдеріне арналған кезекті шеберxана отырысы өткізілді. Шеберxана жетекшісі жоғары санатты тариx пәні мұғалімі Назира Мунайтбасова. Шеберxана мақсаты - жас ұрпақ біліктілігін арттыра отырып, әлемнің жылдам өзгермелі кезеңінде өмір сүруге дайын, азаматтық ұстанымы бар, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Үш жылдық жұмыстар қорытындылана келе, қала мектептерінің тариxшылары өз ой- пікірлерін ортаға салып, жоба қорғауға бала дайындаудың түрлі жолдарынан тың деректер алғандарын айта келіп, отырысты жоғары бағалады. Новый орта мектебінің әдіскері Абжалелова Айгуль Амангельдиевна үш жылдық жұмыстың қорытындылануына жинақ кітапшасын шығаруды ұсынды. Жоба жұмыстары туралы жинақты шығару жайындағы ұсыныс тариx пәні мұғалімдерінің ойларынан шығып, ризашылықтарын білдірді. @obrazovanie_gorod_aktobe@bilim_akimat @astana_audany_akimdigi
9-11 оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
Новый орта мектебінде 2019 жылдың 22-ақпан күні Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ормаxанов Нұрлыбек Бостандықұлы, "Ақтөбе қалалық білім бөлімі" ММ-нің Балалардың құқығын қорғау секторының меңгерушісі А.М.Шагирова кәмелет жасқа толмаған 9-11 оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесуге келді. Балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, мазмұнды кездесу өткізді. @obrazovanie_gorod_aktobe@bilim_akimat @astana_audany_akimdigi@akimat_aktobe
@i.ispanov@aktobe_akparat @maslihataktobe@politika_aktobe