Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Ақтөбе планетарийі - 1967 жылы жұлдызды аспанның құбылыстарын таныстыру
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыруда 3 "Г" класс оқушылыры мен класс жетекшісі Жангельдина Ляззат Хасеновна, Ақтөбе облыстық планетарийіне барып, тарихымен танысты. Ақтөбе планетарийі - 1967 жылы жұлдызды аспанның құбылыстарын таныстыру, дәріптеуге арналған астрономиялық ағарту орталығын тамашалады. Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 ж. ашылды. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болатындығын, сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістерді тыңдады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай – ақ астрономиялық бұрышымен танысып, көптеген мағлұматтар алып келді.
«Мектеп кітапханасы-интеллектуалдық және шығармашылық орталық»
2019 жылғы 8-ақпан күні Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес Новый орта мектебінің тәжірибелі кітапханашысы М.Досмагамбетованың жетекшілігімен «Мектеп кітапханасы-интеллектуалдық және шығармашылық орталық» тақырабында шеберлік класының кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа қала мектептерінің кітапханашылары қатысты. Бағдарлама бойынша бүгінгі отырыс психология минутымен басталып, «Кітапхана қорын орналастыру» тақырыбында мәселе қозғалды.Жыр жүйрігі М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали-жыр жүйрігі» тақырыбында ақын шығармаларына шолу жасалды.
Әдістемелік көмек
2019 жылғы 6-ақпан күні жаңартылған білім мазмұнын апробациялаудағы республикалық пилоттық жобадағы Новый орта мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ жұмыс тобы үшінші күн мектептегі негізгі орта буындағы кластарда жаратылыстану, математика, химия, қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтардың берілуін зерделеу мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, кәсіби әңгіме жүргізу арқылы әдістемелік көмек көрсетті. Шығармашыл ұстаздардың нәтижелеріне ризашылықтарын білдірді.
"Жүректен жүрекке"
2019 жылдың 1-12 ақпан аралығындағы Өзін-өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің жоспарына сəйкес "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, тəтті- тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Акцияның мақсаты оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу. Акцияға барлық оқушылар жəне ұстаздар белсене ат салысты.
"РЕНЕССАНС"
07.02.2019 күні "Қазіргі жастарға патриотизм тән деп есептейді" деген тақырыпта Новый орта мектебінің "РЕНЕССАНС" ПК-ң пікірсайысшылары арасында дебат өтті. "Жастар жылына" орайластырылған дебат ойынның негізгі мақсаты жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, ой салу, азаматтық құқықтарын таныту болып саналады. 9-10кл оқушыларының "Жастар жылы" жариялануына байланысты ой-пікірлері тыңдалды. Үкімет тарапынан "Интрига" фракциясы мен Оппозиция тарапынан "Ханшайым" фракциясы қызу пікір талас өткізді.