Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Ең әдемі ару-2019" байқауы
Қалалық оқушылар Сарайының ұйымдастыруымен өткізілген "Ең әдемі ару-2019" байқауында Төлегенова Аружан 1 орынға ие болды. ??
«Тәуелсіз елдің ертеңгі иесі - балаларымыз» тақырыбында жоспарға сай ата-аналарға арналған ашық есік күні
2019 жылдың 27- ақпан күні Новый орта мектебінде 1-кластар аралығында «Тәуелсіз елдің ертеңгі иесі - балаларымыз» тақырыбында жоспарға сай ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араластыру. Ата-аналар сабақтарға қатысып, мектеп ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.
«Білім мазмұнын жаңарту-болашаққа бағдарлану» тақырыбында семинар практикум
2019 жылғы 22-ақпаны күні Новый орта мектебінде Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттеріне арналған пилоттық жобадағы мектептің «Жас қанат» жас мамандар мектебі мүшелерінің «Білім мазмұнын жаңарту-болашаққа бағдарлану» тақырыбында семинар практикумы болып өтті.
"Қамқоршылық" кеңестің кезекті отырысы
Новый орта мектебінде 2019 жылдың 23 ақпан күні «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Т.Табылғановтың төрағалығымен "Қамқоршылық" кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 1. Мектеп оқушыларының қосымша білім берумен қамтылулары және сенбі, жексенбі күндеріндегі спорт секцияларының жұмысы. 2. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын – алу шаралары туралы. 3. "Қайырымдылық" акцияларының барысы туралы қаралды. Отырысқа «Қамқоршылық» кеңестің мүшелері және мектеп әкімшілігі және ата - аналар, зейнеткер, ардагер ұстаздар, "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бойынша аға тәлімгер және мектеп ұланбасы , "Тәртіп сақшылар" отрядының мүшелері және үйірме жетекшілері қатысты. «Қамқоршылық» кеңестің шешімі негізінде күн тәртібіндегі мәселелер "қанағаттанарлық" деп танылып, ата-аналар мектепке өз ризашылықтарын білдіріп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатындықтарынайтты. @bilim_akimat@obrazovanie_gorod_aktobe@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe@i.ispanov @aktobe_akparat@maslihataktobe