"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Білім мазмұнын жаңарту-болашаққа бағдарлану» тақырыбында семинар практикум

2019 жылғы 22-ақпаны күні Новый орта мектебінде Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттеріне арналған пилоттық жобадағы мектептің «Жас қанат» жас мамандар мектебі мүшелерінің «Білім мазмұнын жаңарту-болашаққа бағдарлану» тақырыбында семинар практикумы болып өтті.


Семинар жұмысына колледж студенттері, оқытушылар және ардагер ұстаз Ж.Мухамбетова қатысты. Семинар жұмысын Новый орта мектебінің директоры А.Кисикова ашып кіріспе сөз сөйледі. Ардагер ұстаз Жания Жарылкаповна болашақ мұғалімдерге ізденіс пен талпыныс тілеп сәттілік тіледі. 

Семинар жұмысы бағдарламасына орай мектептегі үш жылға дейінгі педагогикалық еңбек өтілі бар «Жас қанат» жас мамандар мектебінің мүшелері тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологы Ғ.Дауылбаева «Білім алуға қолайлы орта қалыптастырудағы психологиялық минутының маңызы» тақырыбында психологиялық тренинг, математика пәні мұғалімдері М.Майлық пен А.Көбелдес «Заманауи ҚМЖ-мұғалім болмысы» тақырыбында шеберлік класын, «Робот техникасы» үйірмесі жетекшілері Ж.Исагалиев пен А.Ескендіров «Мектеп оқушысын цифрлық Қазақстан жағдайында өмір сүруге дайындаудағы робот техникасы үйірмесінің маңызы» тақырыбында таныстырылым және роботтар шоуын ұсынды. Семинар жұмысы «Рефлексивті нысана» әдісімен қорытындыланды. @obrazovanie_gorod_aktobe@bilim_akimat @astana_audany_akimdigi@akimat_aktobe