Новый орта мектебінде 2019 жылдың 23 ақпан күні «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Т.Табылғановтың төрағалығымен "Қамқоршылық" кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 1. Мектеп оқушыларының қосымша білім берумен қамтылулары және сенбі, жексенбі күндеріндегі спорт секцияларының жұмысы. 2. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын – алу шаралары туралы. 3. "Қайырымдылық" акцияларының барысы туралы қаралды. Отырысқа «Қамқоршылық» кеңестің мүшелері және мектеп әкімшілігі және ата - аналар, зейнеткер, ардагер ұстаздар, "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бойынша аға тәлімгер және мектеп ұланбасы , "Тәртіп сақшылар" отрядының мүшелері және үйірме жетекшілері қатысты. «Қамқоршылық» кеңестің шешімі негізінде күн тәртібіндегі мәселелер "қанағаттанарлық" деп танылып, ата-аналар мектепке өз ризашылықтарын білдіріп, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласатындықтарынайтты. @bilim_akimat@obrazovanie_gorod_aktobe@astana_audany_akimdigi
@akimat_aktobe@i.ispanov @aktobe_akparat@maslihataktobe
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/339-am-orshyly-ke-esti-kezekti-otyrysy.html#sigFreeIdd067bda471