Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыруда 3 "Г" класс оқушылыры мен класс жетекшісі Жангельдина Ляззат Хасеновна, Ақтөбе облыстық планетарийіне барып, тарихымен танысты. Ақтөбе планетарийі - 1967 жылы жұлдызды аспанның құбылыстарын таныстыру, дәріптеуге арналған астрономиялық ағарту орталығын тамашалады. Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 ж. ашылды. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болатындығын, сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістерді тыңдады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай – ақ астрономиялық бұрышымен танысып, көптеген мағлұматтар алып келді.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/320-a-t-be-planetariji-1967-zhyly-zh-ldyzdy-aspanny-bylystaryn-tanystyru.html#sigFreeId7f48b90c80