Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
«Тарих пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастыру»
2018 жылғы 30-қараша күні «Новый орта мектебі» КММ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандум шеңберінде дуалды оқытуды жүзеге асыру мақсатында Новый орта мектебі базасында «Тарих пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастыру»тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинар жұмысы бағдарламасына сай тарих пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.8-класта мұғалім Ж.Алиев пен Г.Мамырова «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында,мұғалім Н.Мунайтбасова «1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер» тақырыбында 9 класта және Г.Абдалиева «Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы» тақырыбында 5-класта ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерін ортаға салды. Бағдарламаға сай сертификатталған ұстаз Г.Мамырова «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқытуды интербелсенді ұйымдастыру тапсырмалары мен стратегиялары» тақырыбында коучинг және «Күнделік КЗ электронды журналының жүргізілу жайы» туралы директордың орынбасары Ш. Аймагамбетова, А.Исмагамбетова А, Ж. Исагалиевэлектронды журналдың тиімлділіг туралы айтты. Семинар жұмысын директордың орынбасары А.Абжалелова қорытындылады.
«Жастар ісі»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай 2018 жылдың 30 қараша күні Облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөліміне қарасты «Жастар ісі» секторының облыстық төрағасы, «Бақытжан» мешітінің бас имамы Темірханов Асылхан Нұртайұлының қатысуымен Новый орта мектебінің 8-11 класс оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға тәрбиелік-тағылымдық түсіндіру жұмысын жүргізіп, оқушылар қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді. Сонымен қатар, оқушыларға тілек білдіріп, Елбасы күнімен құттықтады. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
«Көңілді мәре»
Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында спорттық шара ұйымдастырды. 2018 жылдың 29 қараша күні Новый орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздары мерекеге орай «Көңілді мәре» спорттық сайысын өткізді. Сайысқа әр пән ұстаздары қатысып, жылдам, епті, ұйымшылдық және спорттық өнерлерін көрсетті. Баршаңызға Новый орта мектебінің ұстаздары мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейді! Елбасымыз сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
«Онлайн ресурстарды сабақтарда қолдану»
Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Исмагамбетованың «Онлайн ресурстарды сабақтарда қолдану» тақырыбында педагогикалық шеберхана отырысы болып өтті. Шеберхана отырысына қала мектептерінен 18 педагог қатысты. ҚҒӘО әдіскері Г.Ескалиева шығармашылық шеберхана жұмысының өзектілігі Президентімізді Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында маңызды екендігіне тоқталды. Шеберхана жұмысы аясында жұмыс жасаудың белсенді әдістері ұтымды қолданылды. №23 мектеп лицей педагогы Г.Досмагамбетова өз тәжірибесін ортаға салды. Шеберхана отырысы ұстаздардың шығармашылық ізденісі қолдау бергендей болды. Шеберхана жұмысын Polleverywhere.com онлайн ресурсымен аяқтады.
«Еңбекке тәрбиелеу –өмір сүру кілті»
2018 жылғы 29-қарашасы күні Новый орта мектебінде Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы жоспарына сәйкес технология пәнінен пәнді оқытуда оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту арқылы өмір сүре білуге дайындауға ерекше мән беру мақсатында «Еңбекке тәрбиелеу –өмір сүру кілті» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар жұмысын мектеп директоры Акгул Мырзабековна ашып, оқушыны еңбекке баулудың жеке тұлғаны дамытудағы маңызына тоқталды. Семинар жұмысы бағдарлама жаңартылған білім мазмұны талабына сай жаңашылдық идеялар тұрғысында өтті.5 -кластағы көркем еңбек пәнінен«Ши тоқу» А.Мурзагалиеваның сабағы, «Қолымнан келеді.» тақырыбындағы пәні мұғалімі С.Койшыгулованың шәкірттері 11 –класс оқушыларының шеберлік сағаты, мұғалім К.Култаевтың «Бедерлі сомдау» шеберлік сағаты және А.Мурзагалиева мен Ж.Исагалиевтің физика пәнімен кіріктірілген «Көңілді 3Д» кіріктірілген сыныптан тыс шарасы қатысушы педагогтарға ерекше ой салды. Семинар жұмысын ҚҒӘО әдіскері Г.Ескалиева ұсыныс, ой пікірлерімен қорытындылады.
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері»
2018 жылғы 29-қараша күні Ақтөбе қаласы білім бөлімі, қалалық ғылыми –әдістемелік орталығы жоспарына сай «Новый орта мектебі»КММ музыка пәні мұғалімі А.Калыкованың «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік класының кезекті отырысы болып өтті. Шеберлік класында критериалды бағалау жүйесі бойынша мектеп теренері Б.Кунирбаева коучинг, №55 ОМ музыка пәні мұғалімі А.Досмағамбетова «Ойын тренингтер арқылы музыка сабағының ерекшеліктері» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салып, А.Калыкова «Әдіс-тәсілдер қоймасынан» шеберлік класын көрсетті. Кезекті отырыс жұмысында ҚҒӘО әдіскері Г.Есимбаева ұсынысын ортаға салып, алдағы уақытқа атқарылар міндеттерге тоқталды.