Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Біз-спортты таңдаймыз!"
«Новый орта мектебі» КММ 2018 жылдың 24 қараша күні оқушылардың демалыс күндерін тиімді ұйымдастыруда және 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай "Біз-спортты таңдаймыз!" тақырыбында қыздар арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының мамандары оқушылармен кездесу өткізді.
2018 жылдың 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының мамандары оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға арналған тәртіп ережелерімен таныстырды, су тасқыны өзіңді де, өзгелерді де құтқар, қыз кезінде мұздан, мұз үстімен қозғалғанда абай болу, жарылып кеткен мұзға секірмеңіз. Ол сіздің салмағыңызды көтермеуі мүмкін! тақырыптарында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мағлұматтар берді. Оқушылар сұрақтар қойып, түрлі сұрақтарына жауап алды.
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру"
26.11.2018 ж. күні Новый ОМ базасында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру" мақсатында облыстық білім басқармасымен № 10 ОМ, № 63 ОМ, № 64 ОМ, № 69 ОМ, Новый ОМ ата-аналарының қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Ақтөбе қаласы прокуратурасының прокуроры Байдышев Қайсар Дидарұлы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының жетекші маманы Тампилова Амангуль Данабекқызы, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Шагирова Ақырыс Муналовна және Жергілікті полиция қызметі ювенальдық тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция лейтенанты Ермекбаев Дастан Ермекбайұлы қатысты. Осы тақырып аясында өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
"Жүрегім менің мейірімге толы"
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ-ИГІ ІС! @novyi_om 2018 жылдың 26 қараша күні "Жүрегім менің мейірімге толы" атты қайырымдылық апталығының ашылуы болып өтті. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты біреуді мәжбүрлеу емес, әркім өзінің жүрегінен, шын ниетімен қайырымдылық жасау керек Әркім өзінің қолынан келгенше мұқтаж жандарға, балаларға қайырымдылық жасау. Міне, сондықтан, біздер, жыл сайын осындай қайырымдылық акциясын өткізіп отырамыз. "Жүрегім менің мейірімге толы" атты қайырымдылық апталығының ашылуы салтанатында оқушылар ән айтып, би билеп өз жүрек жылуларын сыйлады.
«Анаға тағзым»
Новый орта мектебінің оқушылары 2018 жылдың 24 қараша күні демалыс күндерін тиімді ұйымдастыруда «Анаға тағзым» тәрбие беру рухани орталығына барып, орталықпен танысты. Экскурсия кезінде оқушылар ұлттық мұражайды, экспозициялық залды көріп, орталықтағы психологиялық кеңес беру, қолданбалы өнер, тігін үйірмелері мен дизайн мастер сабақтарына қатысты. «Анаға тағзым» тәрбие беру рухани орталығы көрмесіндегі елімізге танымал, беделді тұлғалардың суреттерімен қатар жергілікті қылқалам шеберлерінің туындыларымен толықтырылған көріп, ыстық ықылас пен нағыз шын махаббаттың бейнесі көріп тамашалады.