Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Новый орта мектебінің басшысы «Ерен еңбегі » медалімен марапатталды
Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы жарлығы бойынша Новый орта мектебінің басшысы «Ерен еңбегі » медалімен марапатталды.
Новый орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді.
«Қамқоршылық» кеңесі
2018 жылдың 5 желтоқсан күні «Новый орта мектебі» КММ оқитын, екпеден бас тартқан оқушылардың ата-аналарымен жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылып, Жаңақоныс дәрігерлік амбулаториясының дәрігері А.Алимова мен балалар мейірбикесі А.Елеусизова және Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау санитарлық эпидемиология станциясының маманы Ұ.Мелден, мектеп директоры А.Кисикова, мектеп медбикесі Н.Бақтыгерей, «Қамқоршылық» кеңесі, жұмысшы топтары ата-аналармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Өлең, мен сені аялап өтем»
2018 жылғы 5-желтоқсан күні «Новый орта мектебі»КММ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында Новый орта мектебі базасында өтетін «Сындарлы ойлау арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар жұмысын мектеп директоры А.Кисикова ашып сөйлеп, пәні мұғалімдері Кунирбаева Б.У.,Абдіқалық С. «Атымтай Жомарт» тақырыбында 5 Д класында командалық сабақ, Мұғаддем Г «Шоқан-ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» тақырыбында 10 «Ә» класында портрет сабағын, мұғалімдер Жұбаева Қ.Е., Картмагамбетова Б.К., Аймагамбетова А.Ж «Өлең, мен сені аялап өтем» тақырыбында Ф.Оңғармынованың шығармашылығына арналған сыныптан тыс шараны өткізді.Семинар жұмысына қатысқан ЖОО студенттері тың ізденістерге тәнті болды.
Мектептегі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы.
Мектептегі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі-білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтары. Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні атап өтуде.