2018 жылғы 5-желтоқсан күні «Новый орта мектебі»КММ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында Новый орта мектебі базасында өтетін «Сындарлы ойлау арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар жұмысын мектеп директоры А.Кисикова ашып сөйлеп, пәні мұғалімдері Кунирбаева Б.У.,Абдіқалық С. «Атымтай Жомарт» тақырыбында 5 Д класында командалық сабақ, Мұғаддем Г «Шоқан-ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» тақырыбында 10 «Ә» класында портрет сабағын, мұғалімдер Жұбаева Қ.Е., Картмагамбетова Б.К., Аймагамбетова А.Ж «Өлең, мен сені аялап өтем» тақырыбында Ф.Оңғармынованың шығармашылығына арналған сыныптан тыс шараны өткізді.Семинар жұмысына қатысқан ЖОО студенттері тың ізденістерге тәнті болды.