Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Исмагамбетованың «Онлайн ресурстарды сабақтарда қолдану» тақырыбында педагогикалық шеберхана отырысы болып өтті. Шеберхана отырысына қала мектептерінен 18 педагог қатысты. ҚҒӘО әдіскері Г.Ескалиева шығармашылық шеберхана жұмысының өзектілігі Президентімізді Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында маңызды екендігіне тоқталды. Шеберхана жұмысы аясында жұмыс жасаудың белсенді әдістері ұтымды қолданылды. №23 мектеп лицей педагогы Г.Досмагамбетова өз тәжірибесін ортаға салды. Шеберхана отырысы ұстаздардың шығармашылық ізденісі қолдау бергендей болды. Шеберхана жұмысын Polleverywhere.com онлайн ресурсымен аяқтады.