2018 жылғы 29-қараша күні Ақтөбе қаласы білім бөлімі, қалалық ғылыми –әдістемелік орталығы жоспарына сай «Новый орта мектебі»КММ музыка пәні мұғалімі А.Калыкованың «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбындағы шеберлік класының кезекті отырысы болып өтті. Шеберлік класында критериалды бағалау жүйесі бойынша мектеп теренері Б.Кунирбаева коучинг, №55 ОМ музыка пәні мұғалімі А.Досмағамбетова «Ойын тренингтер арқылы музыка сабағының ерекшеліктері» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салып, А.Калыкова «Әдіс-тәсілдер қоймасынан» шеберлік класын көрсетті. Кезекті отырыс жұмысында ҚҒӘО әдіскері Г.Есимбаева ұсынысын ортаға салып, алдағы уақытқа атқарылар міндеттерге тоқталды.