2019 жылғы 22-қаңтар күні Ақтөбе қаласы білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектебінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Әдістемелік жұмыс-шеберлік, шыңдалу мектебі» тақырыбындағы шығармашылық зертхана жұмысының 2018-2019 оқу жылындағы кезекті отырысына №47,48,52,57,58,63,64,Елек ОМ,69 мектебі директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары түгел қатысты.
Отырыста мектепті дамыту жоспарын әзірлеу, оны құру, жоспарды іске асыру үдерісінде болжанатын сапаны бағалау критерилері бойынша зертхана мүшелерінің ортақ ұсыным әзірлеуі мақсатында «Мектептің даму жоспары-болашаққа бағдар» тақырыбы қозғалды. Бағдарлама бойынша «Мектепті дамытудың тиімді жоспарын қалай әзірлеуге болады?» тақырыбында А.Абжалелова, «Заманауи мектепті басқарудың жеті қыры» тақырыбында шығармашылық зертхана мүшелерінің постер сессиясы, «Мектепті дамыту жоспарындағы педагог мәртебесінің маңызы» тақырыбында шығармашылық зертхана мүшелерінің ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына 2 ұсыныс, 1пікір айтылып, отырыс қызу пікірталасқа ұласты. Қатысушылар ұйымдастырылған шараға кері байланыс берді. Шығармашылық зертхана мүшелері алдағы отырыста «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына талдау» тақырыбын қозғауға ұсыныс айтты.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/295-distemelik-zh-mys-sheberlik-shy-dalu-mektebi.html#sigFreeIdcc16e38b22