Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
2017 жылдың 16 қараша күні оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "Менің тандауым"қалалық әлеуметтік жарнама байқауына қатысып
2017 жылдың 16 қараша күні оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "Менің тандауым"қалалық әлеуметтік жарнама байқауына қатысып:
1 қараша күні Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпы ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында "Жас Ұлан-2012" Гран при иегері,
"Самғау" Жастар сыйлығының лауреаты Аманжолов Бекарыстан мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар өздерінің ойларын ортаға салып, жас буын шығармашылығын шыңдау барысында түрлі жобалар мен бағдарлама ұсынды.
«Бір тойым бар!»
2017 жылдың 6 наурызы күні ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына байланысты «Бір тойым бар!» атты әдеби жыр кеші ұйымдастырылып мектеп кітапханамызда өткізілді. Кешке мектеп оқушылары белсене қатысып ақынның жырларын мәнерлеп нақышына келтіріп жатқа оқыды. Кітапханашы «Жыр жүйрігі-Төлеген Айбергенов» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.
Мәңгілік елдің болашағы - жасампаз жастар
2017 жылдың 22 сәуір күні Новый орта мектебінде Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілеріне арналған Мәңгілік елдің болашағы - жасампаз жастар! атты облыстық семинар-практикум өткізілді.