Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар
2017 жылдың 15 қазан күні оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 5 класс оқушылары Планетарийге саяхат жасап қайтты
12.10.2017 күні тәлімгерлерге арналған семинар - практикумде мектеп кеңесінің жұмысы туралы түсіндіріп, жинақталған папкалардағы фотожинақтар, құжаттарды көрсетіп, өз іс тәжірибеммен бөлісіп қайттым.
Отырыс барысында оқушылар сарайының алғыс хатымен марапатталдым.
7.10.2017 күні ұстаздар күніне арналған "Ұстаз -ұлы тұлға"атты мерекелік іс- шара өтті.
Мектеп кеңесінің оқушылары ұстаздарға арналған өздерінің гүл шоқтарын сыйлап, тілектерін айтты. Шара барысында оқушылар ән шырқап, би биледі.
Бейімделуге байланысты 1 класс оқушыларынан сауалнама алынды
21 қыркүйек күні "Оқушы үні" жобасы өтті. Бұл жобада оқушылар өз ойларын қағаз бетіне жазып,арнайы ұсыныс жәшігіне салды.Жәшікке салынған ұсыныс қағаздар мектеп кеңесінің отырысында талқыланып, жүзеге асырылды.