Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
14.12.2017 күні № 31 қазақ орта мектебінде " Мәңгілік елім- Қазақстан" тақырыбында мектеп ұланбасылары мен тәлімгерлеріне арналған семинар- практикум өткізілді. Семинар триенингтер өткізіліп, мектеп кеңесі өздерінің іс- тәжірибелерін көрсетті.
8 желтоқсан күні 5 класс оқушыларын "Жас ұлан" ұйымына қабылдау алдындағы сынақ өткізілді. Оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, сұрақтан сүрінбей өткен оқушылар алғашқылардың қатарында болып "Жас Ұлан" ұйымына өтеді.
"Classic forever"
8 желтоқсан күні "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен қоғамда өткізіліп жатқан қайырымдылық акцияларын насихаттау мақсатында "Classic forever" тақырыбында 9-11 класс оқушыларына арналған қайырымдылық би кеші өтті. Жиналған қаражат Алға қаласындағы балалар үйіне берілді.
7 желтоқсан күні "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді."Жас Ұлан" ұйымы қатарына 90 жас қыран мен 62 жас ұлан қабылданды.
6.12.2017 күні ҰЛЫҚТАУ рәсімі өткізілді. 2 жыл қатарынан Ұланбасы қызметін атқарып келген Жұмалиев Нұржан биылғы Ұланбасы сайлауының жеңімпазы Адайша Қадірбекке салтанатты түрде төсбелгісін тақты.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқу -тәрбие процесінде технология сабағында өз қолдарымен жасаған бұйымдарын Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндерге сыйға ұсынып, "Балаға күлкі сыйла"
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқу -тәрбие процесінде технология сабағында өз қолдарымен жасаған бұйымдарын Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндерге сыйға ұсынып, "Балаға күлкі сыйла" атты акция шеңберінде демеу көрсетіп, балаларға мерекелік құттықтауларын жолдады.