Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Новый орта мектебінде 27-қараша күні өрт болған жағдайда мектеп қызметкерлері мен жұмысшылардың және оқушылардың іс әрекетін дайындау үшін жаттығу жүргізілді.
2018 жылғы 5- қаңтар күні Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы жоспарына сәйкес Новый орта мектебі ұстаздарының шеберханасының кезекті отырысы болып өтті.
29.12.2017 күні Новый округінің жаңа жылдық шыршасы өтті.
Шыршаға аз қамтылған отбасы балалары қатысты. Ұйым белсенділері түрлі ойындар ұйымдастырып, флешмоб билеп, көңілді күй сыйлады.
25-26 желтоқсан күндері мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық кештер ұйымдастырылды. Мерекеге "Самұрұқ" театры келіп, өз қойылымдарымен балаларды қуантты.
25-26 желтоқсан күндері мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық кештер ұйымдастырылды. Мерекеге "Самұрұқ" театры келіп, өз қойылымдарымен балаларды қуантты. Мерекеде оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.
21.12.2017 ж Оқушылар сарайының ұйымдастыру -көпшілік бөлімінің ұйымдастыруымен "Жаңа жылға сыйлық" атты қайырымдылық кеші өтті. Кеште қойылымдар қойылып, ойын ойнатып, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табысталды
"Тәуелсіздік ұлттық өрлеудің ұлы көші"
15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған "Тәуелсіздік ұлттық өрлеудің ұлы көші" мерекелік концерті ұйымдастырылды. Мерекелік шарада Новый ауылдық округінің әкімі Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы еліміздің жас ұландары, ұлылығымызды ұлықтайтын , еліміздің мәртебесін өсіретін ұл-қыздарын тәрбиелеп отырғандары үшін ата -аналарға алғыс білдірілді.Мектеп кеңесінің оқушылары ҚР Тәуелсіздік күніне орай видеоқұттықтау жіберді.