Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30 қараша күні Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында баса айтылған Туған жер бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтардың ұйымдастыруымен Туған жерге тағзым мерекелік жиыны аталып өтті.
Мерекелік жиын Новый орта мектебінің түлегі Т.Табылғановтың қолдауымен Ақтөбе қаласының беделді адамдарымен кездесу өтті.
2017 жылдың 30 қараша күні оқушылар сарайының ұйымдастыруымен"Гордость Казахстана-Независимость!" тақырыбында презентация байқауында Жетпісбай Нұрдәулет I орын алды.
26 қазан күні "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділерімен достық қарым- қатынасты нығайту мақсатында "KFC" барып қайтты.
"Балаға мейірімді Қазақстан"
19-21 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі, парламент депутаты Зағипа Балиеваның ұйымдастыруымен "Балаға мейірімді Қазақстан" атты халықаралық форум өткізілді. Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және парламент, сенат депуттары қатысты. Форум аясында оқушылар ашық алаңда өз ойларын айтып, түрлі тренингтерге қатысты.
2017 жылдың 17 қазан күні Ақбөбек лагерінде "Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастырумен "Ұланымыз ұлы елдің" тақырыбында облыстық форум өткізілді.
Форумға Новый орта мектебінің мектеп кеңесінің белссенді оқушыларының бірі Нығметова Айшат қатысып, "EXPO-2017" тақырыбында өткен облыстық пікірсайыс турнирінде І орынға ие болды.
2017 жылдың 19 қазанында оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен "Құтты мекен -Қазақстан" тақырыбында өткен құмға сурет салу байқауында 4 класс оқушылары қатысып, III орын иеленді.