2017 жылдың 6 наурызы күні ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына байланысты «Бір тойым бар!» атты әдеби жыр кеші ұйымдастырылып мектеп кітапханамызда өткізілді. Кешке мектеп оқушылары белсене қатысып ақынның жырларын мәнерлеп нақышына келтіріп жатқа оқыды. Кітапханашы «Жыр жүйрігі-Төлеген Айбергенов» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.