Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Новый орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары "Ақтөбе - таза қала мекені" ұранымен сенбілікке шықты.
2019 жылдың 20 сәуір күні Новый орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ақтөбе - туған өлкем" жоспарын жүзеге асыру мақсатында "Ақтөбе - таза қала мекені" ұранымен сенбілікке шықты.
"Кітап - достық елшісі"
"Балдырғанға кітап әлемі" атты апталықта 2"Г" класс жетекшісі Ж.Кидирбаева мен кітапхана меңгерушісі бірлесе отырып, кітапханада "Кітап - достық елшісі" тақырыбында әдеби кеш өтті. @obrazovanie_gorod_aktobe
"ХХІ ғасырдағы кітапхана қандай болу керек?"
2019 жылдың 19 сәуірінде 2-сәуір Халықаралық балалар кітап күніне арнап мектебіміздің кітапхана меңгерушісі М.Досмаганбетова "ХХІ ғасырдағы кітапхана қандай болу керек?" тақырыбында 6 "Д" класы оқушыларының арасында пікірталас өткізді.
“Адамзаттың Абайы”
“Platon” Халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Адамзаттың Абайы” атты xалықаралық байқауда “Құлақтан кіріп бойды алар” номинациясы бойынша Новый орта мектебінің 2 «В» оқушылары Нағашыбаев Абдужәмид пен Садық Нұрбақыт жүлделі І орынды жеңіп алды.
ЖЕТІСТІГІ МОЛ КЛАСС ЖЕТЕКШІ
"ЖЕТІСТІГІ МОЛ КЛАСС ЖЕТЕКШІ" атты айдарымыздың құрметті қонағы болған, «ҮЗДІК КЛАСС ЖЕТЕКШІ - 2019» қалалық байқауына жолдама алған, Новый орта мектебінің «Физика» пәні мұғалімі, «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі және 7 «Б» класының тәрбиелік тәжірибесін жоғары басқара білген класс жетекші ИСАҒАЛИЕВ ЖАНСЕЙТ АМАНЖОЛҰЛЫНА сәттілік тілейміз.
"Ардагерлерді ардақтайық"
Жанақоныс тұрғын массивінде орналасқан «Новый орта мектебі» КММ-де 2019 жылдың 18 сәуір күні "Ардагерлерді ардақтайық" атты жастар жылы аясында ұрпаққа ұлағат болар шарасы өткізілді.