Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"ТАЗА-МЕКТЕП, ТАЗА-АУЛА"
2019 жылдың 18-мамыр күні @novyi_om мұғалімдері мен оқушылары "ТАЗА-МЕКТЕП, ТАЗА-АУЛА" ұранымен сенбілікке шықты. Сенбілікте мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлестерін қосып, түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, көкөністер егіп, егілген ағаштарды суарып, мектеп айналасын қоқыстардан тазартты. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу - жас ұрпақты іскерлік пен дағдыға тәрбиелеудің негізгі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі 20 оқушының шаштарын тегін қиып берді
2019 жылдың 17-мамыр күні Ақтөбе қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті шектеулі мектеп-интернат-колледжінің студенттері мектебіміздегі көп балалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі 20 оқушының шаштарын тегін қиып берді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан раxмет айтамыз.
"Жаңартылған білім беру мазмұны: мектеп тәжірибесі"
2019 жылдың 16-мамыр күні Ақтөбе облысының білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында "Жас басшы" жобасы "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару" облыстық оқыту семинары ұйыдастырылды. Семинарға келген жас басшылар Новый орта мектебіне келіп "Жаңартылған білім беру мазмұны: мектеп тәжірибесі" тақырыбында тәжірибе алмасты.
«Таңдау өз қолында»
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Осы мақсатты Новый орта мектебінің 9 класс оқушылары 2019 жылдың 16 мамыр күні Ақтөбе өңіріміздегі 80 жылдан астам тарихы бар Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінде «Таңдау өз қолында» тақырыбы бойынша өткен ашық есік күніне қатыстып, кең көлемдегі ақпарат алды. Оқушылар колледж ұстаздарына сұрақтар қойып, түрлі сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
«Қоғам ұяшығының»
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады. Новый орта мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болып өтті.