Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
"Сыңғырла соңғы қоңырау"
2019 жылдың 25 мамыр күні "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты жиын өткізілді.
«Happylon»
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22-мамыр күні «Happylon» отбасылық ойын-сауық орталығында Қала күні мерекесі мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Новый орта мектебінің аз қамтылған отбасы балаларына арнап оқушыларымен «Біз біргеміз» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Шараның мақсаты: балаларға сергіту ойындарын ойната отырып, жақсы көңіл-күйін сыйлау және уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау. Балалардың арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру, бір-бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Осы мерекеде демеушілік жасаған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Сайтбеков Айдар Муталиковичке ата-аналар атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
"Ақтөбе байланыс және электротеxника"
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Осы мақсатты Новый орта мектебінің 9 класс оқушылары 2019 жылдың 21 мамыр күні "Ақтөбе байланыс және электротеxника" колледжінде өткен ашық есік күніне қатыстып, кең көлемдегі ақпарат алды. Оқушылар колледж ұстаздарына сұрақтар қойып, түрлі сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Мазенов Асылжан жүлделі ІІІ орынға ие болды
Новый орта мектебінің өнерлі, талантты оқушысы Мазенов Асылжан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Берікұлы Алшын. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Асылжан өнерің өрге жүзсін.Əрдайым өнердің ортасында биіктен көріне бер.Алар асуың көп болсын! Сендей талантты шәкіртімізбен мақтанамыз.
"Мега жұлдыз"
Новый орта мектебінің талантты, дарынды, өнерлі оқушысы Республикалық "Мега жұлдыз" байқауының ІІ орын иегері Қажығалиева Әйгерімді жеңісімен құттықтаймыз.
«Новый орта мектебі» КММ-де кіші футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды.
2019 жылдың 18-мамыр күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласында есепте тұрған, кәмелетке толмаған 9-11 сыныпта оқитын қала мектептерінің ер балалары арасында Жанақоныс тұрғын массивінде орналасқан «Новый орта мектебі» КММ-де кіші футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды.