"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Оқушы құзіреттілігін ойын элементтері арқылы арттыру

2023 жылдың 18 мамыр күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейде М.Т Турганбаеваның «Физикадан күрделі есептерді шешу жолдары » тақырыбындағы облыстық педагогикалық шебер класының қорытынды отырысы өтті. Отырыста Мартөк ауданы №2 мектептің физика пәні мұғалімі М.М.Хасен «Электродинамика тарауына берілген күрделі есептерді шығару жолдары» атты коучингте өз тәжірибесімен бөлісті. Шебер класс мүшелері «Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбына берілген тапсырмаларды орындап, тәжірибе алмасты. Мектебіміздің 11кл оқушылары «Тербелістер» тарауына ҰБТ есептерін шығарып, физика пәні мұғалімі Ж.А.Исагалиевтің «Оқушы құзіреттілігін ойын элементтері арқылы арттыру» мақсатында 8В, 8Д сыныптары арасында физбол ойынын өткізді. Отырыс Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері А.Н.Бакешованың шебер класс жетекшісіне, белсенділік танытқан жас мамандарға алғыс хат табыстауымен қорытындыланды.