"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

География пәнінен олимпиада тапсырмаларына негізделген есептер

2023 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі Исагалиев Жасулан Жайықұлының «Географиялық есептерді тиімді шығару жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер-класының ІV отырысы өтті.
Шебер класқа облыстың мектептерінен 11 мұғалім қатысты. Жұмыс барысында шебер-класс жетекшісі Жасулан Жайықұлының басшылығымен «География пәнінен олимпиада тапсырмаларына негізделген есептер» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Сонымен қатар шебер-класс барысында Ойыл ауданы Тайсойған негізгі мектебінің география пәні мұғалімі А. Табылғанқызы "География пәнін оқытуда өлкетану деректерін тиімді қолдану" тақырыбында практикалық жұмысымен бөлісті. Ақтөбе қаласы №69 орта мектебінің география пәні мұғалімі М. Унгарбаев "География сабақтарында цифрлық платформаларды пайдалану" тақырыбында практикалық сабағын көрсетті. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі А. Орынбасаров «География сабағындағы ойын түрлерінің маңыздылығы» тақырыбындағы практикалық сабағымен бөлісті.
Шебер-класс соңында қатысушылармен "Шебер-класс маған не берді?" тақырыбында кері байланыс алынды. Сонымен қатар шебер-класта өз іс-тәжірибесімен бөліскен жәнеде жұмыс барысында белсенділік көрсеткен мұғалімдерге алғыс хат, сертификат табысталды.