2023 жылдың 3 мамыр күні "Ақтөбе қалалық білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп -лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.С. Шындаулованың « Оқушыларының оқу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану » тақырыбында кезекті №3 педагогикалық шеберханасының отырысы өткізілді. Шеберхана отырысында қалалық әдістемелік орталығының әдіскері Р. К. Темірханова және қала мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Мақсаты: Ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерін қолдану арқылы, балдардың қызығушылығын арттыру.
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп -лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі " Бастауыш класс оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыру, сөздік қорын дамыту" атты тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, worksheet материалдарымен жұмыс жасау жолдарын көрсетті.
Шеберхана мүшелерімен ұстаздарға цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерімен , “ Printdiscuss” «debatewise», «www.liveworksheets.com», атты платформалар, вебсайттармен жұмыс жасау жолдарын көрсетті. "Two trues one lie", "Сенімділік" атты тренингтер ұйымдастырылды.
Рефлексия бөлімінде «Mentimeter» платформасы арқылы кері байланыс жасалып, шебер-класс отырысы қорытындыланды.