"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Жаңа мектеп – замануи мұғалім

2023 жылдың 20 сәуір күні Ақтөбе қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейде «Математика, физика және информатика пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің 25 мұғалімі қатысты. Семинар мектеп-лицей директоры А.Д.Уразалинаның «Жаңа мектеп – замануи мұғалім» тақырыбында сөз сөйлеуімен ашылды. Теориялық бөлімде әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш.Ш.Бармашева «Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында, информатика пәні мұғалімі А.С.Малайдарова “Информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары” тақырыбында баяндама жасады. Практикалық бөлімде математика пәні мұғалімдері М.Қ.Майлық, А.А.Үбайтжанова, А.Д.Жақатай «Рационал теңсіздіктерді шығару»; физика пәні мұғалімі Исағалиев Ж.А., математика пәні мұғалімі Адилбаев Е.Ж. «Физика және математика пәндерін оқытуда білім беру платформаларын тиімді пайдалану»; математика пәні мұғалімдері Бармашева Ш.Ш., Утениязов Б.А., Көбелдес А.Т. "Ықтималдықтың классикалық анықтамасы”; информатика пәні мұғалімдері Байзоллаева Э.Б., Бергазина Ж.У., Қапаш Ә.Ә., Малайдарова А.С. "Python программасында жұмыс түрлері" және "Информатиканы оқытуда қолданылатын онлайн ресурстар"; физика пәні мұғалімі Исағалиев Ж.А. "Физика" пәнінен зертханалық жұмыс. "Динамика". Эксперименттік жұмыстар" тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушылары арасында «Матбол» сайысы ұйымдастырылды. Кері байланыста семинарда қарастырылған мәселелер талданып, қорытындыланды. Семинарға қатысқан мұғалімдер мектеп-лицей ұжымына өз алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.