2023 жылдың 31 наурыз күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицей меморандумы аясында “Мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері” тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты мектеп-лицейде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу болды. Семинар барысында мектебіміздің география пәні мұғалімі Ж.Исагалиев “Өлкетанудағы АКТ мүмкіншіліктері” тақырыбы бойынша АКТ мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, өлкеміздегі танымал орындарға виртуалды саяхат жасау мүмкіншіліктерін көрсетті. №39 ЖББОМ-нің география пәні мұғалімі К.Молдашева “Ақтөбе ойконимдері” тақырыбындағы баянадамасымен бөлісті. Мектебіміздің география пәні мұғалімі А.Орынбасаров “География сабағындағы ойын түрлерінің маңыздылығы” тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда ойын түрлерінің алатын орнына ерекше тоқталды.