2023 жылдың 30 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Исагалиев Жасулан Жайықұлының «Географиялық есептерді тиімді шығару жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер-класының ІІІ отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Шебер класқа облыстың мектептерінен 12 мұғалім қатысты. Жұмыс барысында шебер-класс жетекшісі Жасулан Жайықұлының басшылығымен «Сағаттық белдеулер картасын пайдаланып уақытты анықтау, сағаттық белдеулер айырмашылығын есептеу жолдары» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған коучинг, Халық тығыздығын есептеуге арналған географиялық есептер», «ҰБТ есептерін оңай есептеу жолдары» тақырыптарында шеберлік сағаты өтті. Сонымен қатар шебер-класс барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Орынбасаров Аслан Қуандықұлы «География сабағындағы ойын түрлерінің маңыздылығы» тақырыбындағы практикалық сабағымен бөлісті.
Шебер-класс соңында қатысушылармен кері байланыс алынды.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/929-geografiyaly-esepterdi-tiimdi-shy-aru-zholdary-3.html#sigFreeIdcf646b7b69