2023 жылдың 7 қаңтар күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Исагалиев Жасулан Жайықұлының «Географиялық есептерді тиімді шығару жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер-класының ІІ отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Шебер-класқа облыс мектептерінен 12 мұғалім қатысты.
Шебер-класс мақсаты педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық-практикалық тәжірибемен бөлісу.
Шебер-класс барысында «Ауа температурасы мен атмосфералық қысымға арналған географиялық есептерді шығару жолдары», «Су шығынын есептеуге арналған географиялық есептер», «Географиялық карталар бойынша қашықтық пен азимутты есептеу жолдары» тақырыптары қарастырылды, географиялық есептерді тиімді шығару жолдары талқыланып шебер-класс мүшелері өз ойларымен бөлісті.
Шебер-класс соңында қатысушылармен Mentimeter платформасы арқылы кері байланыс алынды.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/926-geografiyaly-esepterdi-tiimdi-shy-aru-zholdary-2.html#sigFreeIde60bc520a3